«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Әл-Фараби мектебінің оқушысы «Фараби шәкіртінің» -Жас тілшісі

«Modern Media Almaty» ЖШС – не қарасты Республикалық «Farabi Shakirti» журналы мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі атанған күнім 14 мамыр, мен үшін мәртебесі биік күндердің бірі болды. Бұл куәлік еңбек пен терең ізденістің арқасында алынған куәлігім. Мен үшін бұл сәт, журналистік жолымның іргетасын құраған, мәртебесі биік куәлік.

Осыдан 1 жыл бұрын кітап жазсам, енді мақала жазып журналистикаға қадам бастым. Бұл марапат тек менің ғана атымды емес мектебімніңде даңқын асқақтақты.

Жас тілші куәлігін тапсыру сәтіне мектеп директоры Мустафина Бақшагүл Байзаққызы қатысып, маған мамандық таңдауда қателеспей өзімді тапқаныма қолдау білдіріп, сәттілік тіледі. 11 – сынып оқушылары мені қолдап, акт залына тола кетті.

Мамандық таңдау әр оқушы да әртүрлі болады. Бір оқушы ата-анасының жолын жалғастырып, ізбасары болуды мақсат етеді. Бір оқушы о баста көңілі қалаған мамандықты таңдап жүреді де, соңғы сәтте қабілетін байқап басқасын таңдайды. Менің шығармашылыққа жақын қабілетім тұңғыш кітабымды жазып, баспадан шыққанда байқалды деуге болады. Талантымды бағалап, журналистикаға баруыма ұсыныс айтқан ол — менің мектебімдегі ұстаздарым. Олар маған сенім артып, ынталандырды. Атап айтқанда, шығармашылық жетекшім — Сайын Аида Меңдібайқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және кафедра меңгерушісі-Салтанат Амантайқызы.

Алдағы арманым (қазіргі таңда барлық түлектердің арманы) қалаған ЖОО грант иегері атану. Сол үшін бос уақыт қалдырмай, еңбектеніп ҰБТ – ға бар күшімді салып жатырмын. Мұның сыртында шығармашылығым өз алдына. Бақытымның белесі-еңбегімнің жемісі. Болашаққа қойған мақсатым нық! Еліме адал әрі ерең қызмет ету. Мақсатыма жету үшін тынбай еңбектене беремін!

                                                                                        КЕЛЬДЫБАЕВА  Алуа,  

Алматы облысы, Қарасай ауданы

«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»11 «Г»  снып оқушысы.

Республикалық «Farabi Shakirti» журналы мен

www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«Решение текстовых задач»

farabi shakirti shakirti

Жаңа ғимарат, жарқын білім белесіне ұмтылу

Балаңызды бақылап жүрсіз бе?

farabi shakirti shakirti