«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Планета

3 жүрегі және 9 миы бар жануар?!

Сурет: https://yandex.kz/

Табиғаттың көбі біле бермейтін түрлі қызықты жақтары жетіп артылады! Сондай құбылыстардың бірі – сегізаяқ жануары. Дәлірек айтсақ, оның ағзасы. Мәселен: Сегізаяқтың 9 миы және 3 жүрегі бар. Қаншалықты тансық естілсе де, бұл рас.

Бірақ, сегізаяққа бұнша ми мен жүрек не үшін қажет?

Сегізаяқтың 2 жүрегі веноздық қанды желбірек арқылы айдап, оны оттегімен қанықтырады. Оттегімен қаныққан бұл қанды бүкіл дене бойынша оның 3-інші басты жүрегі айдайды. Ал басты жүрегі ол жүзген кезде уақытша тоқтайды. Сол себептен, сегізаяқ көбінесе баяу қозғалады.

Сегізаяқ қысқа мерзім өмір сүрсе де, ол үнемі өте белсенді қозғалатындықтан және қаны көк түсті болғандықтан, оған 1 жүрек жеткіліксіз. Бұдан бізде тағы бір сұрақ пайда болады:

Олардың қаны неге көк?

Себебі сегізаяқтардың қаны құрамында мыс атомы бар гемоцианин нәруызынан тұрады. Оның адам қанынан айырмашылығы олардың оттегімен реакцияға түсуінде. Біздің қанымыздағы гемоглобин ол темір атомынан тұрады. Темір оттегімен тотықса, қызыл түске боялады, ал мыс көк түске боялады. Ал оттегі жоқ жерде сегізаяқтың қаны түссіз болады. Бірақ көк қан оттегіні нашар ұстайды. Өйткені оның оттегіге аффиндігі төмен, яғни тасымалдай алатын оттегі көлемі гемоглобиннен қарағанда 3-5 есе төмен. Сондықтан сегізаяқ оттегі жетіспеушілігін сезінбеу үшін және ол тірі қалу үшін оның ағзасында 3 жүрек бірдей жұмыс істеп, қанды тез айдайды.

Сонымен қатар, сегізаяқтар мұхиттың өте терең, күн түспейтін суық жерлерінде жүреді. Ал бұндай жағдайда гемоцианин оттегіні гемоглобинге қарағанда жақсырақ тасымалдайды.

Нақтырақ айтсақ, сегізаяқта 1 басты ми бар, ал 8 қармауышының жеке ганглийлері бар.

     Ганглий дегеніміз не?

Бұл орталық жүйке жүйеден тыс жатқан нейрондар түйіні, ал ми осы нейрондар түйіндерінің жиынтығы. Ғалымдар бұл ганглийлерді түсінуге оңай болу үшін жиі «mini-brains», яғни «шағын милар» деп атайды. Олар өз бетінше ойланып, шешім қабылдап, әр ганглий әр қармауыштың қозғалысын басқара алады.

Қорытындылай келе, сегізаяқтың 9 миы және 3 жүрегі, қанының көк болуы бұл түрлі факторлар әсерін қалыптасқан өзіндік құбылыс.

Табиғаттың осындай біз біле бермейтін фактілері өте көп. Міне қызық!

НҮСУПҚАН  Тоғжан Рауанқызы,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Археология

68 жылға созылған ықылық: сенесіз бе?

Адам мен табиғат егіз

farabi shakirti shakirti