«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Адам ағзасы жайлы қызықты 6 дерек

Сурет:https://halyqline.kz/

Адамдар шамамен 300 000 жыл бұрын қалыптасып бастаған. Ал осы уақытқа дейін адам ағзасына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде түрлі қызықты фактілер анықталған. Солардың ішіндегі ең қызық, күтпеген ақпараттарды талдайық!

Мәселен:

1) Адам мен бананның ДНҚ-сы 50 пайызға ұқсас. Алайда бұл тек нәруыздарды кодтайтын ДНҚ ұқсастығы. Геномымыздағы бұндай бөлікті экзон деп атайды. Экзон жалпы ДНҚ көлемінің 1-2 пайызын ғана құрайды. Сол себептен, жалпы ДНҚ көлемін алсақ, әлгі ұқсастық төмендеп кетеді.

2) Ұйқы қанбаған сайын адам ақымақ бола  бастайды. Себебі ұйқы қанбаса ол мидың жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетеді. Жалпы, ұйқы біздің ағзамыз үшін өте маңызды. Ұйқы кезінде ми «токсиндерден» тазаланып, қабылданған ақпараттар реттеліп, «қысқа жады» ұзақ жадысына айналып, әлгі ақпараттар сақталады. Мидың өзі болса, жүйке жүйесінің нейрондарынан тұрады. Егер ұйқы қанбаса, ол нейрондар арасындағы байланыс бәсеңдеп, адам миы тез шаршап, есте сақтау мен өзін-өзі басқару қабілеті төмендейді.

3) Ата-анамыздың жиі айтатын «сағызды жұтпа, ішегіңе жабысып қалады” дейтін сөздері – жалған. Себебі сағыз ол ішекке жабыса алмайды, асқазанда да қалып қалмайды. 24-48 сағаттан соң табиғи түрде ағзадан дәрумені жоқ заттармен бірге өзі-ақ шығарылады. Алайда оны қасақана түрде жұта беру ішектің бітілуі мәселесін тудыруы мүмкін.

4) Адам миы ауырсынуды сезбейді. Себебі ми тінінде ауырсынуды қабылдайтын рецепторлары жоқ. Сондықтан егер де басымыз ауырса, ол мидың сыртындағы ми қабығы, қан тамырлары, жүйкелер және бас сүйек бұлшықеттері мен терісі ауырып жатыр деген сөз.

5) Ұзақ уақыт аш жүрсек, мида аутофагия құбылысы іске қосылады. Жалпақ тілмен айтсақ, бұндай процессте мидың жаңа жасушалары ескі жасушаларды жей бастап, сол арқылы ми жасушалары жаңарып отырады. Бұл қаншалықты қорқынышты естілгенімен, ол ағзамыз үшін өте пайдалы құбылыс.

6) Адам өліп бара жатқанда оның көз алдына «туннельдің соңындағы жарық» секілді көрініс елестейді дейді. Бұл ешқандай да арғы өмірге өтетін қақпа жарығы емес. Ол мидың иллюзиясы. Неге олай? Себебі адам өліп бара жатқанда, миға оттегі жетіспейді. Сол кезде ми күйзелістен қашу үшін дофамин мен эндорфин сияқты гормондарды көбірек бөліп бастайды. Оның нәтижесінде адамның көру жүйесі бұзылып, жан-жағы қарауытып, көз ортасында ғана жарық сәуле қалады.

                        НҮСУПҚАН  Тоғжан,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы.

Мәліметтер ашық дереккөзінен алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Қандай адам, ол?

Олжас Бектенов Президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді

Республикалық «Farabi shakirti» журналына келесі жылға жазылу жалғасуда