Сурет:https://g.co/gemini/share/
1) Зат алмасудың дисбалансы. Ұзақ уақыт бойы ұйқы қанбау – адам ағзасындағы тәбетті реттейтін гормондардың тепе-теңдігін бұзады. Бұндай құбылыс нәтижесінде түнде лептин гормоны (тоқтық гормоны) төмендеп, грелин гормоны (аштық гормоны) көтеріледі. Осындай салдардан, ұйқысы қанбаған адамның түнде тамақ ішуге тәбеті күндізгіден жоғарырақ болады.
2) Адамның когнитивті қабілеті төмендеп, есте сақтау қабілеті нашар бола бастайды. Ұйқы ми үшін маңызды процесс. Түнде ми токсиндерден тазаланып, күндіз қабылдаған ақпаратты өңдеп, оны қысқа жадысынан ұзақ мерзімді жадысына тасымалдайды. Ал дәл осы өңдеу процесі – когнитивті қабілет деп аталады. Егер ұйқы қанбаса, мидағы нейрондар байланысы әлсіреп, адамның ойлау мен өзін-өзі басқару қабілеті, зейіні, есте сақтау қабілеті төмендейді.
3) Күнделікті түрде ұйқының қанбауы өмір ұзақтығын қысқартады. Бұл дәлелденген факт. Тұрақты түрде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың кез-келген себептен өлу қаупі 7-8 сағат ұйықтайтындардан қарағанда пайызға жоғарырақ. Одан бөлек, ұйқы қанбау тамырлардың қатаюына (атеросклероз) әкеліп, жүрек талмасы қаупін жоғарылатады. Яғни, ұйқы қанбауы өмірді қысқартатын аурулардың дамуын тездетеді.
4) Мидың улануы. Жоғарыда айтылып кеткендей, ұйқы кезінде ми өзін токсиндерден, альцгеймер ауруын тудыратын бета-амилоид ақуыздарынан тазалайды. Бұндай құбылыс «глимфатикалық жүйе» деп аталады. Ол тек терең ұйқы кезінде іске қосылады. Бірақ, ұйқы қанбаған жағдайда ол токсиндер ешқайда жоғалмайды. Қайта мида жиналып, жүйке жасушаларын уақытынан бұрын жойып бастайды.
Осы орайда, әр адамға жасына сай ұйқы нормаларын айта кетейік:
- Әйелдер үшін: 7-9 сағат
- Еркектер үшін: 6-8 сағат
- Жасөспірімдер үшін (14-17 жас) : 8-10 сағат
- Қарт адамдар үшін (65-тен жоғары) : 7-8 сағат
Алайда, ұйқы нормасы әр адам үшін әртүрлі. Жоғарыда көрсетілген ол тек стандарттық норма. Сондықтан, әр адам оған ұйқысын қандыру үшін қанша сағат жеткілікті екенін өзі шешеді.
Көп созбай, бір сөзбен қайырсақ, ұйқы салғырттықпен қарайтын дүние емес, ол біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Сол үшін, күнделікті түрде ұйқымызды қандырып жүрейік! Бұндай
жауапкершілік өзіміздің өзімізге жасап жүрген ең үлкен жақсылығымыз болсын!
НҮСУПҚАН Тоғжан,
Алматы облысы, Талғар ауданы,
«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы.
Мәліметтер ашық дереккөзінен алынды.
