«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Келесі аялдама – «Болашақ»

Міне, біздің 11 жылдық мектеп өмірі атты үлкен әрі қызықты алаңсыз оқушылық өмірдің хикаяларының соңғы бөлімі өз мәресіне жетті.

Бүгін соғылған соңғы қоңырау — біз үшін балалық шақпен қоштасудың және жаңа өмір сценарийінің басталуы.

Бұл хикаяда бәрі болды: алғашқы әріпті үйренген сәт, үзілістегі шынайы күлкі, бақылау жұмысы алдындағы уайым және өмірлік достар. Біз жай ғана сыныптас емес, бір-бірімізді сөзсіз түсінетін үлкен отбасыға айналдық. Осы уақыт ішінде бізге бағыт-бағдар беріп, басты рөлдегі кейіпкерлерді тәрбиелеген режиссерлеріміз — аяулы ұстаздар мен ата-анамызға алғысымыз шексіз. Сабақ айтқан сәттер, мектеп дәлізіндегі қызықтар енді тек жылы естелік болып қалады.

Енді бізді алда жаңа белестер, жаңа армандар мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Әрқайсымыз әртүрлі жолды таңдасақ та, жүрегімізде мектепке деген сағыныш пен осы алтын ұядан алған тәрбиені мәңгі сақтаймыз.

Келесі аялдама – «БОЛАШАҚ».

Ал сол болашаққа біз бүгін үлкен үмітпен, биік арманмен және бала күннен бірге өскен жандардың ыстық естелігімен аттанып барамыз.

ДОСЫМ  Ұлдана,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,  Көкарық ауылы, «Жамбыл атындағы орта

мектептің» 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы мен  www.farabishakirti.kz

желілік басылым сайтының  Жас  тілшісі

Жетекшісі: Молдабекова Дана Жандарқызы,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті!

farabi shakirti shakirti

Сымбатты Әлемнің ең үздік 20 Университеттері жоғары білім алуға шақырды.

farabi shakirti shakirti

Жер мен Марсты салыстырды: Павлодарлық оқушы Қытайдан қос медаль әкелді