«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мұғалім мәртебесі

Жақсы дәрігер – дертпен күрестегі ең жақын адамың!

​«Жанарыңның жарығы сөнбесін,

Көңіліңді қараңғылық жеңбесін!»

Ашык Вейсель, түрік ақыны

​Алла кезіктіретін жандар болады, оларды жүрек іздеп табады. Менің ұзақ жылдан бергі көз дәрігерім — Гүлнар Әбжаппарқызы Балтабаева. Светлана Тен, Владимир Цой. Есімі аталған дәрігерлер  — қиын күндер мен ауыр сәттерде жігер беріп, емдеп шығуға барын салған жандарды бір сәтке ұмытқан емен. Түлкібас аудандық орталық ауруханасының білікті көз дәрігері Гүлнар Әбжаппарқызының әр мезгіл жүйелі түрде үйге дейін келіп, қолдап отырады.

​Менің диагнозым — көз жүйкесінің атрофиясы. Бұл — сал ауруынан туындаған патология. Көзден миға ақпарат тасымалдайтын көру жүйкесі талшықтарының зақымдануынан көру қабілеті төмендейді. Мұндай жағдайда қолда бар көру мүмкіндігін сақтап, емді жүйелеп отыратын білікті дәрігер табу — қиынның қиыны. Осы орайда, бағыма орай, ауданымыздан нағыз маман кездесті. Жеті жыл бұрын жанарым күрт нашарлағанда, Гүлнар Әбжаппарқызының үлкен кәсіби біліктілігінің арқасында (марқұм Владимир Цой  дәрігеріммен бірге) бүгін әлемді көріп, ел қатарлы өмір сүріп жүрмін.

​Бүгін сол жақсы адам тағы да жүрегімізді жылытты: көзіне ағаш қоқымы кіріп, жедел жәрдеммен барған әкеме де дер кезінде көмек көрсетті.

​Жақсы адамдардың барына шүкір! Соңғы кезде шипа іздеп барып жүрген дәрігерім – Мағжан Жүсіп Әліқұлұлы.

«Қиындыққа шыдам тілеген кеудеге жақсы дәрігермен кездесудің өзі — қуаныш. Дәрігер — дерт жанын әбігерге түсірген жан үшін ең жақын жан, қолдау көрсетеді деп сенген адам. Науқастың әр сөзін қабылдап, қолдап, үмітін үкілеп тұратын дәрігер атаулыға ризашылықтан өзге айта алмайсың…» деген Анна Германның ойын әр күні қайталап келемін. Күні кеше тағдырласым, тәжік ақыны Ситора Ахрордың «Адал» өлеңі Мағжан Әліқұлұлымен тілдескен сәтте ойыма бірден құйылып сала берді.

Адал

​Ситора Ахрор

​Жақсылығын ойлап көптің,

Ішінде қалған талай оттың…

Сенің жаның — адал!

Жау ала алмас қамал.

Жүрек айтса, қарар —

Тілеулесі болған достың.

​Мамырдай мамыражайсың,

Бәріне «дос, жолдас» деп қарайсың.

Жанарым талғанда жол сілтер,

Сен — таңда туған шолпандайсың.

​Қараңғы, жарық,

Күшті мен ғаріп…

Өмірдің сыны —

Тоқтаусыз, анық.

​Сыйласқан білер бағасын,

Мөлдіреп судай ағасың.

Жанардың отындай ғажап,

Жарқырап, лаулап жанасың…

​Мейірімсің —

Мұз қатқан жүрекке.

Төзімсің —

Тала бастаған білекке!

«Дәрігер досыңа айналса, сен ауруды міндетті түрде жеңесің» деген орыс жазушысы Антон Чеховтың ойын санама сіңірген, талай рет алдына барғанымда бір тиын алмай, емдеп жүрген білікті елге танымал  неврологтар –  Лаура Алихановна мен Гүлмира Амангелдіқызы, Байрамов Зауыр.

Аяққа тұрғызған бала кезден қараған дәрігерім – Аббасов Мұстафа.Түлкібас аудандық орталық ауруханасының неврологы Умирбекова Жансая мен Воп дәрігерім – Кошкинова Сәуле, ортопед дәрігер Валиев Зиядин, жүрек дәрігерім Даупбаева Мариямдардың арқасында ел мәдениетіне үлес қосып, еңбектеніп келемін. Дәрігер – дертпен күрестегі сенімді серігің, керек кезде қорғаның. Антына адал дәрігерлер қатары арта берсін!

ТОПАНБАЙ  Мейірхан Мейрамбекұлы,

«Шарапат» шығармашыл жастар

байқауының бас жүлде иегері,

бірінші топтағы ерекше қажеттілі бар азамат

Сәйкес жаңалықтар

Ұстаздарым көп менің

farabi shakirti shakirti

«Жанына шуақ шашып, нұрландырған»

Телефонға тәуелділік – XXI ғасыр дертінің біріне айналуда