«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

«Мен ағайынды екеумін: біреуі – өзім, екіншісі – халқым»

Сырым Датұлы,

батыр, әскери қолбасшы

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Рысбек Жанерке

Біздің ұлы тұлғаларымыз қазақ жерін қайтарып алу үшін және патша үкіметінің қазақ жеріне деген алауыздығын тоқтату үшін біраз қанды майданда шайқасып, әділдік орнатты және артынан өзіне деген халықтың құрметін тұтты.

XVIII ғасырдың соңынан бастап патша үкіметіне қарсы көтеріліске шыққан және оған жетекшілік еткен ұлы тұлғаларымыз көп. Олар өздері үшін ғана емес, өз халқы үшін, өз елімізде әділдік орнату үшін күресті. Солардың бірі – ең алғаш патша үкіметіне қарсы шыққан ірі көтеріліске жетекшілік еткен Сырым Датұлы.

Сырым Датұлы өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілістің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырды. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында «Бала би» атанған болатын.

Сырым Датұлы туралы сол кездегі атақты журналист Д.Ч.Бульжер былай деп жазды: «Сырым батыр – жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға», – деп баға береді.

Расында да, оның батылдығы ең алғаш болып патша үкіметіне қарсы көтеріліске шыққанынан ақ байқалады. Аса батырлығымен, қайраттылығымен 14 жыл қанды майданда халқы, жұрты үшін шайқасып, жеңіліске ұшырады. Жеңіліске ұшырауының себебі – бірден екі жақпен күрес жүргізуі, соның салдарынан күшінің кетуі. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы зор болды. Ұлт-азаттық көтеріліс – қазақтардың Ресей империясының отаршыл әкімшілігіне қарсы алғашқы ірі бас көтерулерінің бірі еді.

РЫСБЕК  Жанерке,

«№44 жалпы орта білім беретін
мектеп гимназиясының» 11 – сынып оқушысы.

 Жамбыл облысы, Меркі ауданы

Сәйкес жаңалықтар

«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері Нұрлан Санжар бақилық болды

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Жүректе жүрер Жұмабай