«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мұғалім мәртебесі

Жан сырым

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор  @Айкүміс ЖАМАЛБЕК

Өзгелердің жанын ұғып келемін,

Өз жанымды өзім неге көмемін?

Бәрін түсініп, бәрін кешіп жүріп мен,

Мені кімнің түсінгенін көремін?

***Жақсы көріп, қадірімді түсірдім,

Бір жан үшін биігімнен түсіппін.

Көңіліне түспесін деп мұң қаяу,

Көңілімді өз қолыммен өшірдім.

***Тым мұңайса, жұбатуға асықтым,

Шын жыласа, өз қайғымды басыппын.

Бәрі маған ақтарғанда шерлерін,

Өлеңіме өз мұңымды қосыппын.

***Мен ешкімнен артық мейір көрмедім,

Бір ауыз шын сөздерді де күтпедім.

Бәрінің де жағдайына түсіп мен,

Өз жағдайым күйрегенін білмедім.

***Мен де кейде біреуге мұң айтқым кеп,

Жан жарамды жасырмастан шаққым кеп.

Жолығатын жанды аңсап кетермін,

Мына мұңды шын түсінер жан іздеп.

***Енді, жүрек,  қадіріңді жоғалтпа,

Біреу үшін  болмысыңды тонатпа.

Бәрін ұғу – өзіңді ұмыту емес қой,

Сүйе біл де, өзі өзіңді жылатпа.

                                                 Айкүміс ЖАМАЛБЕК,

«Ы. Алтынсарин» атындағы

№83 мектеп –гимназиясының

11 «А» сынып оқушысы

Астана қаласы, Сарайшық ауданы

Сәйкес жаңалықтар

Расстояния и углы в пространстве как средство формирования пространственного мышления учащихся старшей школы

farabi shakirti shakirti

Шәкірттермен бір трендтегі мектеп басшысы

Ризамын тағдырға