«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Шырпыдағы махаббат

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор @Айкүміс Жамалбек

Былтыр күзде суық желмен сырластым,

Жалғыздықпен талай кешті мұңдастым.

Жүрегіме жылу іздеп жүргенде,

Бір жан келер деп үмітімді жалғадым.

***Сол бір күздің суығы әлі есімде,

Мұңның ізі қалған еді сезімде.

Биыл сен бар – бақытым бар жанымда,

Жылу таптым, мұң қалмады жанымда.

***Кейде еркелеп, өкпелеп те қаламын,

Кейде өзім мінезіме таңқаламын.

Бәрі бірдей түсіне алмас жанымды,

Сен түсіндің жүрегімнің бар мұңын.

***Сенің жаныңда шаттыққа мен толамын,

Еркелігімді жасырмастан жаямын.

Кейде үнсіз, кейде назды болсам да,

Сен бар жерде тыныштықты табамын.

***Былтыр күзде суық желге тоңып ем,

Жалғыздықтың ащы дәмін біліп ем.

Биыл сол күз, сол бір салқын кештерде,

Жан жылуын сенің бойыңнан көрдім мен.

***Өткен  күздің суығы әлі есімде,

Мұңның ізі қалған еді сезімде.

Биыл сен бар – бақытым бар жанымда,

Жылу таптым, мұң қалмады жүректе.

Айкүміс ЖАМАЛБЕК,

«Ы. Алтынсарин» атындағы

№83 мектеп –гимназиясының

11 «А» сынып оқушысы

Астана қаласы, Сарайшық ауданы

Сәйкес жаңалықтар

Мен жіберген қателіктерді сен қайталама

Лудомания: Қазақстандағы құмар ойындардың зардабы

farabi shakirti shakirti

Елімізде облыстар саны 17 – ге жетті

farabi shakirti shakirti