Асыл анама
Асыл анам сенің нұрлы келбетің,
Сенсіз қалай басып жүремін жер бетін?!
Бір қолыңмен әлемді сен тербеттің,
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті сен тербеттің.
Жанымда сен мәңгілік жүре берші.
Жол нұсқашы, беріп бірер кеңесті,
Мейлі соққын,мейлі ұрғын өтінем!
Жанымда болғын, ешқашан менен кетпеші!
Анашым!
Ұмытпаспын жақсылығыңды ешқашан.
Жұбатқансың, қуантқансың әрқашан,
Кешір ана, түн ұйқыңды төрт бөлсем,
Айып етпе, киімімді мен кірлетсем.
Ақын емеспін, алайда тыңда ана мені,
Ана туралы барлық ақын жырлады.
Анашым!
Сен маған бар уақытыңды бөлгенде
Мен кіммін?
Өлең жазуға бөле алмайтын уақытты!?
Ұйқас болмай өлеңімде біразы,
Бәлкім, қателік болған шығар өлеңімде едәуір.
Алайда, ана қателік қылмаймын өмірімде сен үшін,
Аналарға болсын, Алла разы!
Ана
Бар өмірін бізге лайым арнаған,
Мейірімді, аяулы, ақылды жан.
Қателік жасасам да бастан сипап,
Қамқор болып, жылуын аямаған.
Жыласам, жұбатқан ол күлімдеп,
Кең құшағы жылы еді «күнім» деп.
Ана деген ардақты да аяулы жан
Жаным,күнім,жұлдызым асыл анам!
Абайға арнау
Жүрегім елжірейді осы есімді естісем,
Абай сенің жырларың өшпес халық есінен.
Әр сөзіңде мағына бар, шындық бар,
Өлеңдерің өшпес мәңгі есімнен.
Әр шумағың мағыналы, айқынды,
Барша халық алдында да айтылды.
Ұлылығың барлық жерде мойындалар,
Елің сенің өлеңіңді жатқа айтар.
Абай әні шырқалады елімде,
Абай әнін айтпағандар кеми ме?
Елі үшін бар ақылын аямады,
Нақыл сөзің мәңгі қалды жүрегімде.
Елімнің ақыл ойы кемімесін,
Елің үшін осылай күйінесің.
Елің сені құрметтейді,ардақтайды
Ақыл бердің санасына жан жақтайды.
Отбасы-бақыт
Отбасың ол бақытың — әкең,анаң
Отбасымды ойласам, көңілденіп қалам.
Отбасыңды құрметте,ардақтай біл,
Отбасым үшін қолыма қалам алам.
Отбасың ол-жекеменшік мекенің,
Білесің бе,ең бірінші еркелігің.
Алған тәрбиең отбасыңнан дари білді,
Отбасыңды сыйлағаның көркемдігің.
Аспан деген әлем бар
Айға барғым келеді,
Өзіменен сырласып.
Жұлдызын көргім келеді,
Көк жүзімен мұңдасып.
Аспан әлем, бір әлем,
Жалғыз өзі тұр асып.
Жер ол дағы бір әлем,
Адамдар жүр жер басып.
Аспан әлем қызықты,
Көргім келеді жақыннан
Сырласқым келеді өзіңмен,
Жаралғандай асылдан.
Көрсең көзбен тоя алмайсың,
Сөйлер сөзбен айта алмайсың.
Аспан сондай ғажап әлем,
Барсаң кері қайта алмайсың.
Ұстаз
Ұстаз деген әділдікті үйреткен
Әр күн сайын айналасын гүлдеткен.
Ұстаз — ол бір ұлағаттыы ұлы жан,
Дана екенін білесің міне осыдан.
Ұстаз деген жай ғана қарапайым сөз емес,
Өзге емес ол жай ғана жүрегіңе көз емес.
Мен айтайын қадірле ұлы ұстазды,
Ол жаннан басқа ешкім сені ұқпас-ты.
Ұстазың ол сабырлы да бола білді,
Ол болмаса кім үйретер мына бізді.
Зер салып бір қарай қалсам көзіңе,
Алғыс айтам, қасиетті сөзіңе!
Әке
Айқындаған өмірімді,
Бүтіндеген көңілімді.
Әке деген ғажап адам,
Әкем үшін басым қадам.
Әке деген алтын кемем,
Әкем барда бәрін жеңем.
Әке бақыт бал үшін,
Әкемнің мен білем күшін.
Әке деген қайсар жан,
Бала үшін майталман.
Әкем барда жанымда,
Жауым тұрмайды атыла.
Ана тілім — мәңгілік!
Жүрегімнің шер-мұңын жеткізетін сөзім бар,
Құдайға шүкір! Қол-аяғым көзім бар.
Біреулер бар мылқау болып туылған,
Көздерінде айтарлықтай мұңы бар…
Сөйлей алам, өз тілімді білемін,
Еш уақытта үзілмеді күдерім.
Туған тілім бақыттымның бөлшегі
Сол үшін де шарқ ұрады жүрегім.
Қапалымын туған тілін білмегенге,
Туған тілі түсіне де кірмеген бе!?
Мылқауларға сөз сөйлеу арман болса,
Өз тілінде мылқауша сөйлегенге…
Құрметтеңіз ана тілді мәңгілік,
Сол тілменен рухани да жаңғырдық.
Жарқыраған болашақты сезінем,
Сол себепті жүрегімде бар үміт.
Асылайым ҚҰТТЫБАЙ,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Т.Қазақбаев атындағы орта мектептің
7 «А» сынып оқушысы.