«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Үміт ақталды және әлі де ақталады

Мен ата-анамның маған артқан үлкен үмітін арқалап мектепке оқуға түстім. Ендігі маған одан да үлкен үміт артылды. Соның барлығын ақтай аламын ба?  Ол қандай үміт?

Ең алдымен осы мектепке қадам басқаннан кейін сабағымды жақсы оқу. Ол менің ең алғаш бастауыш сыныпқа аяқ басқандағы мақсатым болған еді. Ол мақсатым мектеп бітіргенше жанымда жүрер серігім.

Кейіннен өз орнымды табу. Алғаш ШСӨ сабағы болған кезде “Ділмар” үйірмесі туралы құлақдар болып, осы үйірмеге кіремін деген мақсат қойған болатынмын. Осы мақсаттымды орындап, әрі өз орнымды таптым. Бұл да бір ақталған үміт болды. Оқушыларды үйірмеге қызықытырып, жаңа леппен шығармашылықпен айналысуға үйірмесінің жетекшісі Жарқын Сәленұлының еңбегі орасан. Шәкірттердің бос уақыттты текке өткізбей, пайдалы бағытқа жұмсау жолдарын жетекшіміз Майра Малик ұстазымыз үнемі айтып, бағдар беріп келеді.

Ең негізгі ол — осы мектептен қанат қағып үлкен өмірге қанат қағу. Бұл да бұйырса бір ақталатын үміт болар деп сенемін. Ең бастысы өзімнің өмірлік жолымда өз орнымды тапсам болғаны.

Сонымен қорытындылай келе: ата-анамның маған деген зор сенімі бар екені мені қуантады. Себебі ол кісілер менен үлкен дүниелер күтеді. Мен үмітті ақтау үшін барымды салып, аянбай тер төкпекпін. Не де болса үйдегі қос қанатымның көңілін қалдырмасам болғаны.

Гүлшат ДОСКЕНҚЫЗЫ,

Абай атындағы РММИ 9-сынып оқушысы,

«Ділмар» үйірмесінің мүшесі.

Суретте: «Ділмар» үйірмесіне қатысушылар

 

Сәйкес жаңалықтар

«Калькулятор қыз» атанған Орынгүл Арыстан: Қоғамға пайдамды тигізгім келеді

farabi shakirti shakirti

Журналисттердің қаламақысы жазғанына қарай төленеді

farabi shakirti shakirti

Түркістандық оқушы өзі жүретін «ақылды сөмке» жасап шығарды