Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті!

Қасым — Жомарт  ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

 «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды».

«Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың әл — ауқаты — мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі».

« Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз».

«Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет».

«Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей -жай қарамайтын,  нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес азаматтардың қолында. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек».

«Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету».

«Алайда, жастардың отаншылдық рухы жалаң ұраншылдық пен жоғары мансапқа емес, ең алдымен, терең білімге негізделуі тиіс. Келешек шынайы біліммен қаруланғандардың қолында екенін баршамыз жақсы білеміз. Инновациялық табысқа қол жеткізген және сол жетістіктерді өз халқының игілігі үшін пайдалана білген мемлекеттер ғана көш алдында болары анық».

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы оқушылар сарайында