Менің әкем

Менің әкемнің, мен үшін орны ерекше. Себеб іәкем мен өмірге келіп, көзімді ашқалы бері ештеңені аямады. Біз үшін еңбекетті. Тек қана әкелік мейіріміне бөледі. Кейде кей бір адамдардың әкесінің, анасының жоқ тығына қарап шүкір шілік етемін. Сол кездерде өзімнің шын бақытты екенімді сезінемін. Ал енді бірі әкенің қадіріне жете алмайды, барын бағалай білмейді. Әке қандай болсада қабылдай білу керек. Себебі ол сенің тамырың, әкең! Ол асыл адамның орнын ешкіммен, ешқашан алмастыруға келмейді.

Менің әкем, менің ең биік шыңым, барым, байлығым. Мен өзімді, өзөм ірімді ата-анамсыз елестете алмаймын. Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке-ең жақыным, ең сыршыл Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабылалғын бала-жүректілегін. Ал әке тәрбиесін ешкім бере алмайды. Әр әке өз баласының жаман болғанын қаламайды.Біз көкке қанат самғасақ, әкемізде бірге тақым қысады,біз мұңайсақ әрдайым қолдау беретін асыл адам.

Менің әкем маған “Ешкімнен ештең еалма”, ”Ұрлама”, ”Тіл қайтарма”-деп өсіруде. Әкем ешқашан дауыс көтерген емес, тек отырған кездерімізде осы сөздерді айтып отырады. Отбасының тірегі, бәйтерегі, ақылшысы, қорғаны- әкем. Әкем байсалды, салмақты, атына лайық адам дер едім. Ол менің тірегім, тіреуім. Мен осы эссені жазу барысында ойландым.Сол кездегі түйгенім: әкемнің асыл жан екенін, мен үшін отқа да, суға да түсуге дайын екенін тереңінен түсіндім,ойландым…

Мен әкемді қатты жақсы көремін.

 

 

 

 

 

 

Аяулым ЗБАЙРОВА,

Кеңес Нұрпейісұлы атындағы

мектеп-лицейінің 10”А”сынып оқушысы