«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Спорт

Геннадий Головкин: «Мен сүйікті Қазақстанымда жекпе — жек өткізуім керек»

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің жекпе-жектерінің бірін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Compas On The Beat Youtube арнасы.

«Менің кіммен, қалай және қайда жекпе-жек өткізетінім жайлы болашаққа үлкен жоспарларым бар. Сүйікті Қазақстаным бар және мұнда жекпе-жек өткізуім керек деп есептеймін! Сондықтан алда үлкен жоспарлар бар», – деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Қазақстанда әзірге бір ғана кәсіби жекпе-жек өткізген. Ол 2010 жылы елордада колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айында Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Автор: Әсел Дағжан,

kaz.nur.kz

Сәйкес жаңалықтар

Сбор молодежи «Айбын-2020»

«Қазақстандық 9 жасар футболшы Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болады»

Қазақстанға Халықаралық ат спорты федерациясының президенті келді

admin_farabi