«Кітап оқы, жас дос!»

 Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Буккросинг және сыйлыққа кітап» акциясы

   Ұлтттық құндылықтарымыздың асыл қазынасы саналатын көркем шығармалар еліміз баспаларынан өте көптеп шығарылуда. Соған қарамастан, үлкендер арасында кітап оқу азайып барады. Адамның жандүниесіне көркемдік, адамгершілік сәулесін шашатын көркем шығармаларды оқуды ұл – қыздарымызға бала жастан қалыптастыру – әр кітапханашының міндеттерінің бірі. №5 шағын орталықты ортамектептің кітапханасында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін олардың кітапханаға жиі келуін ұйымдастырудамын. Кітапхана – мектептегі қайнаған іс – шараның ортасы. Мектепте өтетін саналуан тақырыптарға арналған сұрақтардың жауабы кітапханадан табылады.

  Биылғы оқу жылында Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының 2022 жылы 13 қазандағы № 02-2756 санды хатына сәйкес Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Сыйлыққа кітап – В подарок- книга»  атты  тақырыпта кітапханаға  кітап сыйлау іс шарасы өткізілуде. Яғни, оқушылар мен ұстаздар үйдегі кітаптарын әкеліп, кітапханаға сыйлауды дағдыға айналдырды. Игілігін мектеп оқушылары, мұғалімдері көрсін деген ниеттеріне ризашылық білдіреміз. Іс-шара барысында мектебіміздің кітапхана қорына  3 шы сыныптың  кітаптарын сыйға тартты.

  Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл қазынасы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Толстой  өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді. Әрине, мұндай керемет теңеулерді келтіре беруге болар, бірақ соңғы уақыттары адамдар осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Бұл жаһандық мәселе.

   Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл — ойы мен іс — әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін — өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

  Педагогикалық сөздікте «құндылық — адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым — қатынасы, іс — әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылығы, мейірімділік тәрбиесі»,- делінген. Сондықтан біз «құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез — құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген.

   Рухани құндылық мәселесіне келетін болсақ, өмірдің даму заңы бойынша әрбір адам қоғамда өсіп-жетіліп, тәлім-тәрбие алып, өзінің ақыл-парасаты, рухани-жігері, талап-қабілеті жеткенінше қоғамға қызмет етіп, кейінгілерге азды көпті рухани мұрасын қалдыруы.

 

КАРТАНБАЕВА  Атыркуль Абдылдабековна,
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,

№5 шағын орталықты орта мектептің кітапхана меңгерушісі