«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында жеңімпаз атанды.
Сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты — роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Олар: 2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев; 3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров; 3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс — фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

                                                  ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Батыс қазақстандық оқушыларробототехникалық жобада топ жарды

Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады

Қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаның апробациясы қалай өтуде

farabi shakirti shakirti