Әр адамның өмірінде оның қалыптасуына ықпал ететін, оны тәрбиелейтін, оған үлгі болатын адам болады. Менің өмірімдегі сол ерекше жан -Атам. Әрбір ісімнен, әр сөзімнен, адамдармен араласуымнан әлі күнге дейін атамның тәрбиесі көрініп тұрады. Егер мен қазірге дейін қандай да бір жетістікке  жетсем, ол атамның тәрбиесінің жемісі деп білемін.

Менің атам — мен үшін ерекше, дара тұлға болатын. Орта бойды, шымыр денелі, шашын тықырлап алдырып тастайтын. Мен кішкентайымнан атамның қолында өскен болғандықтан, ата тәрбиесін көргенмін. Мен айтысты көргенді қатты ұнатқан екенмін, атам сол қызығушылығымды байқап үнемі теледидардан айтыс қосып, домбырада ойнай алмаса да, менімен айтысып отыратын. Сол айтыс көріп өскенімнен қазіргі таңда ақындық өнерімде бар. Атам мен шығарған өлеңдерді оқығанда, сүйіп тыңдайтын, ұйықтап жатқанымда жастығымның басына қалам мен қағазды дайындап қоятын.

Есімімді ерекше етіп қойып, өзі мүлде өз атыммен атамаған. Күнде ұйықтар алдың маған атам кітап оқитын бірақ, мен үнемі «Қотыр торғай» ертегісің оқуын сұрайтын едім, тіпті сол ертегіні жаттап алатын деңгейге жеттім, үнемі кітап оқып, білімпаздыққа баулыған атамның арқасында, қазіргі кезде де кітаптың мен үшін орны бөлек. Атам маған үнемі адалдықты, шыдамдылықты, шыншылдықты айтатын. Әр сөзін,іспен дәлелдейтін жан еді.

Ауылымызда атамның дәрежесі де биік болатын. Атамды үнемі мақтан тұтып, өзімді Төлеубайдың немересі болғандығыма қуанатын едім. Менің бойыма атамның ең алдымен сіңірген жақсы қасиеттері еңбексүйгіштік пен шыншылдық. Әрине,ә р отбасында ата-ана баланы тәрбиелегенде әрбір жан білімді, еңбексүйгіш,а қылды болғанын қалайды. Атам бала психологиясы туралы кітаптар оқымаса да, оның болашағына қандай қасиеттер қажет екенің білген деп сеніп айта аламын.

Өйткені, атам өмірдің мектебінен өтіп, ыстық-суықты көріп, әбден шыңдалған жан. Кейде балалықпен атама қатты ренжіп қалатын едім. Маған оқытуының себебі, бала жасымнан оқуға деген құмарлығымды оятып, көкейіне тоқи берсін деген ойы екен. Атам соңғы демі таусылып, өмірден өткенше маған өзінің түйгенін, білгенің сіңіруге бар ынта-ықыласын салыпты. Атам көзі тірісіңде мені журналист болғанымды қалайтын еді. Атамның қалаған арманың орындауда аянбай еңбек етіп, мақсатыма жақындай түсудемін!                   

МОЛДАШЕВА Ақбөпе,

11-сынып оқушысы.

«farabishakirti.kz» желілік басылым-сайтының жас тілшісі.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Ұзынбұлақ ауылы,  Е.Бекмаханов мектебі

  Сурет:Malim.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *