«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Спорт

Әлем чемпионы -Шымкенттік мектеп оқушысы

Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі.    ERNUR.KZ. Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қаладағы № 52 мектеп-лицейінің 9 — сынып оқушысы Айсұлу Мұхит чемпион атанды. Байрақты бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы финалда румыниялық боксшыны 3:2 есебімен жеңіп, ел мерейін үстем етті.

Бұл — Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі. Бокс, жүгіру, жеңіл атлетика үйірмелеріне белсене қатысатын үздік оқушы осыған дейін халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

 

Сәйкес жаңалықтар

Реалға қарсы тұрып, дараланған 18 жасар Шерхан

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті

Каратэші Елнұр Дауылбай әлем чемпионатында топ жарды

farabi shakirti shakirti