Ағылшын тілі мерекесі жыл сайын ағылшын ақын, жазушысы У.Шекспирдің туылған және қайтыс болған күніне арналып 23 сәуірде аталып өтіледі. Бұл тіл – ежелгі және халықаралық тіл болып саналады. Әлемде ең көп таралған тілдер қатарынан үшінші орынды иеленіп, Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа да елдердің мемлекеттік тілі болып есептеледі. Жалпы, ағылшын тілі –әлемге ашылған қақпа. Сол себептен, көпшілігі осы тілді толықтай меңгеруге тырысады. Қазіргі кезде жастарды бастауыш сыныптан бастап ағылшын тіліне уйреткенімен, оқушылар үшін оны толықтай меңгеру қиынға соғуда.

             

     Неліктен қоғамда осындай мәселелер көптеп кездесетінін білу үшін №24 лицейдің ағылшын тілі мұғалімі БОЛЫСБЕК Шокан Даулетханұлынансұхбат аламыз.

       Мектепте ағылшын тілінің апталық сағаттары жеткілікті бөлінгенімен, неліктен жастарға тілді меңгеру қиындық туғызуда?

Бұл сұраққа жауап беретін болсам, тілді меңгеруге кедергі болып, әсер ететін бірнеше факторлар бар. Атап өтетін болсақ, шет тілде сөйлейтін ортаның болмауы, күрделі оқулықтар, оқушылардың қызығушылықтары мен қабылдаулары.

       Жапония елінде ағылшын тілін үйрену тек 12 жастан басталады. Ол жасқа дейін бұл тіл қосымшаларға, курстарға барып та меңгерілмейді. Сол себепті, мемлекетте көпшілік ағылшын тілін мүлдем білмейді. Осындай жағдай, осындай оқыту жүйесі біздің мемлекетте болса, ағылшын деңгейі қандай болар еді?

Біздің мемлекетте шет тілі бастауыш сыныптанбасталып оқытылғанымен тілдің деңгейі жоғары емес. Тілді меңгеру 12 жастан басталса пайдалы болады деп ойлаймын. Себебі, біріншіден оқушылар өз тілін жетік меңгеріп барып шет тілін үйренген оңай болады.

Ақын ағамыз Қадыр Мырза  Әли «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..» дейді. Ағылшын тілі — қазір Халықаралық қолданыстағы тіл. Кемшілігін айтатын болсақ, аймақтық диалектілер көп және грамматика күрделі.

         —Ағылшын тілінің біз білмейтін қандай қызықты қырлары бар?Айталық, бәріміз білетін ағылшын тіліндегі girl сөзі бұрын қызға ғана емес, ұлдарға да, жас балалардың бәріне айтылған. Әлем бойынша ағылшын тілінде 952 млн. адам сөйлейді. Ағылшын тілін аспан тілі деп те атайды. Себебі, ұшқыштыр ағылшын тілінде сөйлеуі керек. Сонымен қоса, ең қысқа сөйлем I am.

       Соңғы сұрағым ағылшын тілін қалай оңай әрі тез үйренсе болады? Сіз қандай кеңестер берер едіңіз? Өзіңіз де қандай қиындықтардан өттіңіз?

Ағылшын тілін үйренудің еш қиыншылығы жоқ. Бастысы грамматиканы жетік меңгеріп әрі қарай сөздік қорды кеңейту керек. Ең оңай жолы субтитрмен фильмдер көру.

   Кез келген тілдің құндылығы сол тілде сөйлейтін адам саны өскен  сайын артып, уақыт өте келе беделі жағынан да маңызды болады. Қоғам өзі қолдануға үйреніп қалған мемлекеттік тілден басқа тілге қысқамерзім ішінде ауыса алмайды. Сол үшін, жаңа тілді меңгеру ұзақ уақытты қажет етеді. Мектептерде ағылшын тіліне көңіл де бөлініп, ықылас та артып, үйренудің әртүрлі әдіс -тәсілдері де пайда болып жатыр. Тіпті, ағылшын тілі апталықтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында керемет іс шаралар өткізілуде.

  Қорытындылай келе, Мағжан Жұмабаев айтқан«Мен жастарға сенемін!» деген үмітін қазіргі оқушылар ақтайтыны сөзсіз. Келешектемемлекетімізді танытатын балалар мен жасөспірімдер Ана тілімізді құрметтеп, дамытатын ұрпақтарға жалғастыратына сенім артамыз.  Еліміздің жастары үшін әлемнің барлық есігі ашық. Елімізде және шет мемлекетте білім алып, біліктілігін арттырып, Республикамызды жаңа технологияларды меңгеріп келіп, «Цифрлы Қазақстанды» көркейтеді деген сенімдеміз.

САБИТ Сабина,

                                                  №24 лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы.

                                                                                         Алматы қаласы

One Reply to “Ағылшын тілі мерекесі”

  • Айсултан
    Айсултан
    Reply

    Керемет😍

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Айсултан Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *