«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Заң аясында

Абай облысының полициясы мектептердегі терракт туралы жалған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады

Абай облысының полициясы мессенджерлер мен чаттарда террорлық актілер туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралыөңірілік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

«Мессенджерлер мен чаттарда мектептерде террорлық актілер дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Аталған мәліметтер шындыққа жанаспайды және халық арасында үрей мен алаңдаушылық туғызуға бағытталған.

Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», — делінген хабарламада.

Полиция өкілдері терактілер туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 18 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Құрметті ата-аналар! Осы ақпаратты балаларыңызға түсіндіріңіздер. Абайсызда жасалған әрекеттер ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Автор: Гүлмира Ерубаева

 

Сәйкес жаңалықтар

Семейдегі төбелеске қатысқан кәмелетке толмағандардың ата-аналары жауапқа тартылды

Сыбайлас — жемқорлықпен күрес…

БҚО-да пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер ат спорты туристік орталығына барды