«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталды

Фото: UzNews.uz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады.

–Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ақтауда суға батқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім марапатталды

«Ұлт  ұрпағының  саулығы – сүт өнімдерін  пайдалануда»

Қаржылық қауіпсіздік ойын түрінде: жазғы лагерьлердегі сабақтар мен байқаулар