«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Қазақ өнерінің саңлағы – Роза Бағланова

Қазақ сахнасының саңлағы, аңыз тұлға Роза Бағланованың жеке мұражайы болғанын біз де қалаймыз.

Сурет:https://sputnik.kz/img/ сайтынан алынды.

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1-қаңтар 1922 жыл, Қазалы, Түркістан АКСР – Қызылорда облысында дүниеге келген.   8 — ақпан 2011 жылы  Алматы қаласында бақилық болды) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы (1996). https://kk.wikipedia.org/

Қазақстан мен Кеңестер Одағының халық әртісі, Халық Қаһарманы, ерекше дарын иесі Роза Бағланова апамызды танымайтын қазақ аз шығар. 70 жыл сахнадағы ғұмыры, 25 тілде әлемнің 54 елінде өнерімен таңдай қақтырып, қазақтың халық әндерін әлемдік сахнаға шығаруы – ұлттық өнерді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі екені анық.

Роза тәжібайқызының  аңызға айналған ғұмыр жолын өнер әлемінің бастауы  таусылмас тарих деп атаймыз. Себебі соғыс жылдарында майдан даласында жаралы әскерлердің рухын көтеру үшін концерт қойғаны, тоқырау уақытында да сахнаға шыққаны, депутат болып халықтың мұңын үлкен мінберден ашық айтқан батылдығы, Желтоқсан жастарына араша түсіп, олар үшін шырылдап: «Қазақты қимаңыздар, қазақты қырмаңыздар!» – дегені кез келген азаматтың қолынан келе бермейтіні рас.

Сол тарихи оқиғаларды бастан өткерген Роза Бағланова – тарихи тұлға. Әншінің ішкі мәдениеті мен тұлғалық болмысы қазақ сахнасында аңыз болып қалған. Көптеген орта және кіші буын өнерпаздары ол кісіні үлгі тұтып, қызыға қараған.

Күні кеше архивтер мен сұхбаттарын көріп отырып, шын есімінің Үрбибі екенін білдім. Роза апамызды барлық өнерпаздармен бірге сол уақыттағы мемлекеттік басшылар да мойындап, салған әндерін сүйсіне тыңдаған.

Роза Бағланованың ұлттық құндылықтарды жоғары қойып, нағыз қазақы болмыспен сахнаға шыққанының арқасында қазақ мәдениеті әлем деңгейінде көш бастады. Роза Бағланованың ерекше қасиеттері мен жеке өмірі жайлы көптеген аңыз-әңгімелер қалған.

—Бүгінде ол кісінің жеке мұражайын ашып, өнерін жас ұрпаққа дәріптеу – басты мақсат, — дейді келіні Марал ханым. Көптеген естелік сұхбаттарында ұрпақтары: «Роза апамыз өз ұрпағына ақылшы, қамқоршы бола білді. Ерекше қасиеті мен даналығы бар еді. Қонақжайлылығы бір төбе еді», – деп еске алады.

Шынында да, қазақ үшін жасаған жақсылығының біразы ғана белгілі. Өнері мен өмірі үлкен бір тарихи тарау болды. Қазақ сахнасының саңлағы, аңыз тұлға Роза Бағланованың жеке мұражайы болғанын біз де қалаймыз.

СЛАМЖАНОВ  Бекзат,

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы

«№ 24 лицейінің» түлегі.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақтың қайсар журналисті — Бейсен Құранбек

«Менің атым –Қожа», Қожа бүгін кемел жаста

Ардақтысы елімнің!

farabi shakirti shakirti