«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды

19 шілде 2026 20:41

Литваның Вильнюс қаласында 37-ші Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2026) өз мәресіне жетті. 12-19 шілде аралығында өткен әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 84 елден 330-дан астам дарынды жас биолог қатысты.

Олимпиада барысында қатысушылар күрделі теориялық тапсырмалармен қатар, терең білім мен зерттеушілік дағдыларды талап ететін зертханалық тәжірибелерді де сәтті орындады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылы қол жеткізілген ұлттық құраманың Халықаралық биология олимпиадасындағы үздік нәтижесін қайталады.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Қайыркен Ерсұлтан — Павлодар облысындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Әшірханов Әлихан — Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Желтова Софья — Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Меженина Евгения — Қарағанды қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:

?Лейла Асқарова — MD, Nazarbayev University;
?Ілияс Сәкімов — «Білім-инновация» ХҚҚ әдіскері;
?Кәмилә Садықова — Nazarbayev University зертханасының үйлестірушісі;
?Дінмұхаммед Оразбаев — Астана медицина университетінің студенті.

Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама төрт қола медаль жеңіп алса, 2026 жылы 1996 жылғы үздік нәтижені қайталап, қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейдегі жоғары даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқу-ағарту министрлігінің песми сайтынан алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Біз кітап оқитын ұрпақтан алыстап барамыз ба?

Сабақ: Кейіпкерлер әлемі

farabi shakirti shakirti

Болашаққа нық қадам: диплом маңызды ма, әлде тәжірибе ме?

farabi shakirti shakirti