«Қазақстандық 9 жасар футболшы Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болады»
Деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бір жылдан бері «Ақжайық-2014» командасында жаттығатын Алдияр маусым айында Алматы қаласына барып, іріктеудің бірінші кезеңінен өткен.
Алдиярдың анасы Баянсұлу Мұқанованың айтуынша, елішілік іріктеуден өткен 6 бала Ыстанбұл қаласына барған. Онда іріктеуден екеуі өткен.
Енді жас футболшы 11 қазанда Ыстанбұлға жол жүреді. Оның алғашқы бапкері Арыстан Култаев шәкіртінен үлкен үміт күтеді.
Қазіргі кезде Алдияр түрік тілін үйреніп жүр. Оның Түркиядағы барлық шығынын «Бешикташ» клубы өз мойнына алды.
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың командаласы атанған Алдиярды «Ақжайық» ФК директоры Манарбек Ержанов құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Алдияр Ыстанбұлда бастапқы кезеңде нағашы әжесімен бірге тұрмақ.