«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Бақыттың қарапайым формуласы

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Әр адам бақытты болғысы келеді. Бірақ көпшілігі бақытты алыстан іздейді: ақшадан, атақтан немесе өзгелердің мақұлдауынан. Шын мәнінде, бақыттың формуласы әлдеқайда қарапайым болуы мүмкін…

Әрине, ақша мен атақ — бақыттың бір сыйы. Олар адамға мүмкіндік береді, өмірін жеңілдетеді. Бірақ рухани байлық одан да маңыздырақ. Адамның жан дүниесі тыныш болмаса, ешқандай байлық шынайы қуаныш сыйлай алмайды.

Кейде бақыт айналамыздағы қарапайым дүниелердің ішінде жасырынып тұрады. Таңертеңгі таза ауа, әдемі табиғатты өз көзіңмен көру, жақын адамдарыңның күлкісі, отбасыңмен бірге өткізген уақыт — осының бәрі адамға ерекше жылулық сыйлайды.

Қазіргі таңда адамдар көп нәрсеге асығып, өмірдің кішкентай қуаныштарын байқамай жатады. Олар бақытты болашақтан іздейді. Ал шын мәнінде, бақыт дәл қазіргі сәтте болуы мүмкін.

Бақыттың қарапайым формуласы — өзіңді бағалау, жақындарыңды қадірлеу және өмірдің әр сәтінен қуаныш таба білу. Себебі шынайы бақыт үлкен дүниелерде емес, қарапайым нәрселердің қадірін түсіне білуде.

ДАУКЕЕВА  Алима,
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

Сәйкес жаңалықтар

«QAITADAN»: Астанада тұңғыш апат туралы фильмнің жабық көрсетілімі өтті

Аласапыран ойларым болашағымның баспалдағы

Түркі жұртын сазымен әлдилеген Әз Наурыз