«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Оқиға

Балалар арасындағы буллинг:жасырын мәселе ме әлде, қоғам дерті ме?

Сурет:https://static.ernur.kz/

Қазіргі таңда буллинг – Қазақстандағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Ресми деректер бұл проблеманың ауқымы жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді.

2025 жылы Қазақстан мектептерінде 400 -ден астам буллинг фактісі тіркелген. Сонымен қатар, осы істер бойынша шамамен 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда мамандардың айтуынша бұл тек тіркелген жағдайлар ғана, ал шынайы көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары, себебі көптеген оқушылар бұл туралы айтпайды.

Аймақтық деңгейде де жағдай алаңдатарлық. Мысалы, 2025 жылы тек Алматы қаласының өзінде 638 буллинг жағдайы тіркелген. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 21 жағдай анықталған. Халықаралық зерттеулер мен ұлттық сауалнамалар да мәселенің кең таралғанын дәлелдейді. Қазақстанда:балалардың шамамен 17,5%-ы буллингке ұшырайды, әр бесінші бала мектепте қорлық көреді, 6,8% жасөспірім тұрақты түрде буллинг көреді, шамамен 14% оқушы өздері де буллингке қатысатынын мойындаған.

Буллинг көбіне 11–17жас аралығында жиі кездеседі. Зерттеулерге сәйкес, ұлдар арасында физикалық қысым, ал қыздар арасында сөзбен қорлау мен әлеуметтік оқшаулау басым  .

Соңғы жылдары жағдай күрделене түскен. Мысалы, 2024–2025 жылдары тіркелген жағдайлар саны 150-ден 200-400-ге дейін өскен. Ал 2025 жылдың алғашқы жартысында ғана 230 — ға жуық құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Буллингтің салдары өте ауыр. Психологтардың айтуынша, ол:өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне, депрессия,тіпті суицидтік жағдайларға жеткен кездер кездеседі.

Буллинг – тек мектеп мәселесі емес, ол бүкіл қоғамға әсер ететін күрделі құбылыс. Статистика оның кең таралғанын дәлелдейді, ал оны шешу үшін ата-ана, мұғалім және мемлекет бірлесіп әрекет етуі қажет.

САЙРАНБЕК   Мөлдір,

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша

білім бөлімінің  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.

Курс   жетекшісі: Құдайберген Саяжан, журналист

 

Сәйкес жаңалықтар

Жұмбаққа толы тау: Дятлов асуының құпиясы

Жақтауда темекі шегіп отырған

farabi shakirti shakirti

Оқушылар арасында қатыгездік таныту деректері көбейген