26 маусым 2024
Маңғыстау облысында бөтеннің көлігінің әйнегіне тас лақтырып, сындырған баласы үшін анасына 374 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлайды farabishakirti.kz Zakon.kz. порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жауапкер Т-ның 7 жасар ұлы есік алдында тұрған автокөліктің алдыңғы терезесіне тас лақтырып, сындырғаны, жауапкерден шығынды төлеуді талап еткенінде оның төлемегені анықталды. Бұзақының бұл әрекеті үйдің қасындағы дүкеннің бейнекамерасына жазылып қалған.
«2023 жылдың 2 қарашасындағы №S451 бағалау туралы есепке сай, автокөлікке келтірілген материалдық шығынның құны 340 798 теңгені құрады. Сот шешімімен жауапкер Т-дан талап қоюшы С-ның пайдасына 374 298 теңге материалдық шығын өндірілді«, — делінген сот хабарламасында.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Сурет: Zakon.kz.
