«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Біз ұмытып бара жатқан қазақтың сөздері

? Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор Абдиразакова Кәусар

Қазақ тілі бай тіл деп жатамыз, бірақ өзіміз сол байлықты қаншалықты пайдаланамыз? Кейде үлкендердің әңгімесінде кездесетін сөздерді түсінбей қаламыз. Қазір жастардың көбі сөйлегенде қазақша мен орысша сөздерді араластырады. Әрине, басқа тілдерді білу жақсы, бірақ өз тіліміздегі сөздерді ұмытып бара жатқанымыз өкінішті.

Мысалы, «құйма құлақ» деген сөз естігенін тез қағып алатын адамға айтылады. Ал «салиқалы» деген сөз сабырлы, байыпты адамды сипаттайды. Осындай сөздерді күнделікті әңгімеде көп қолданбаймыз. Кейде олардың орнына басқа сөздерді айта саламыз. Меніңше, бұрынғы сөздерді ұмытпау үшін үлкендермен көбірек сөйлесіп, түсінбеген сөздеріміздің мағынасын сұрап жүрген дұрыс. Сонда өз тілімізді де жақсырақ танимыз.

Қазақ тіліндегі әр сөздің өз мағынасы бар. Оларды тек кітаптан оқып қана қоймай, күнделікті өмірде де қолдану керек. Бәлкім, бізге ескі болып көрінетін сөздер келесі ұрпаққа мүлде таныс болмай қалуы мүмкін. Сондықтан өз тіліміздегі әдемі сөздерді ұмытпай, оларды сөйлегенде қолданайық. Өйткені тілді сақтау үлкен істерден емес, өзіміздің күнделікті сөзімізден басталады.

АБДИРАЗАКОВА  Кәусар,

Алматы облысы, Кеген ауданы,

Кеген ауылы, «Ө. Жанабаев» атындағы орта

 мектептің 11-сынып оқушысы.

Сәйкес жаңалықтар

Наурыз — ақ тілектер мен игі ниеттер тоғысы

Қырғызстанда Қазақстан Республикасы Президентінің кітабы таныстырылды

Тіл қадірі — ел қадірі