Қазір дамыған заман. Қағаз  ақшаны қалтаға салып, немесе әмиянмен сөмкеде ұстап, біреу тартып ала ма? Дүкенде, автобуста ұмытып кетемін бе деп уайымдамайтын болдық. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына толық көшкенде  электронды ақша қолданысқа енеді. Біз – болашақтың адамдарымыз, сондықтан мені электронды ақша туралы білу қызықтырады. Сондықтан, ақшаның осы түрі жайлы мәліметтермен таныстым. Жалпы электронды ақша адам  өмірін жеңілдетеді. Себебі қағаз ақша секілді оны  алып әрлі берлі жүріп, өмірімізді қиындатпаймыз. Керісінше өмірімізді жеңілдетеміз.

       Алайда бұл электронды ақшаға ауысуымыздың да өз кері әсері бар. Ақпараттық ақаулардан бөлек, қиындық әкелетіні: түрлі хакерлер, мен бұғаттау түрлері. Яғни өз ақшамызға сеніп жүріп, бір уақытта бәрі жоқ болып кетуі мүмкін. Сол үшін электронды ақшаның кері әсері де осы. Кейде   желі жылдамдығының нашарлап кеткенде, уақытша қиындықтар туатыны рас. Десекте, қазір интернет қолжетімді барлық ауыл адамдары электронды ақшамен есеп айырысады. Жасы үлкен адамдарға ақшаның бұл түрін пайдалану қиын.

Электрондық ақша – электрондық түрде ұсынылатын және айналыста жүретін төлем қаражаты. Электрондық ақшаның айналымы есеп айырысуға қатысушы тараптардың құпиялығына кепілдік береді: сатушы мен сатып алушы, банкілер мен олардың клиенттері арасындағы ақпаратты кодтау және оны автоматтық өңдеу құралдарын қолдана отырып, компьютерлік желі, байланыс жүйелері арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылады. Электрондық ақшаны дайындау (шығару) кезінде пайдаланылатын және олардың айналымын тәртіптейтін криптография  хаттамалардың тұрақтылығы құпиялықтың сақталуына кепілдік болады.[1]

Электрондық ақша — интернет арқылы есептелетін тек саудаға арналған әдеттегі құралдар. Ол банк картасына ұқсайды, көптеген операциялар бірдей жүргізіледі: кез-келген елде тауарларды төлеу, қызметтер үшін ақы төлеу және тіпті нақты валютамен қажетті валютаға айырбастау. Виртуалды әмиянды құру кезінде ескерілуі керек айырмашылықтар бар.

Кейбір  жандарға бұл функцияны түсіну қиынға соғады, техниканы түсінбеуі.

Электрондық ақша дегеніміз не? Көптеген Интернет пайдаланушылары қазірдің өзінде виртуалды ақшамен жұмыс істеп жатыр, ал электрондық жүйелердегі мамандар қызметтерді көрсетуде бәсекелестерді басып озу үшін барынша тырысады. Электрондық ақша — бұл бірнеше мағыналарда қолданылатын термин:

  1. Ұлттық және жеке валюталарды сақтау және беру жүйесі.
  2. Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында сақталатын жауапты тұлғаның ақша міндеттемелері.
  3. Төлем құралдары.
  • База бір күнде блокқа түсіп,ақшаның жойылып кетуі.
  • Ал әже -ата үлкен кісілер бұл электронды форматқа тек өзге жанның көмегі арқылы ғана қол жеткізе алады.

Міне осы үшін де  электронды ақша халқымызға қиын соғуы мүмкін.

 

 

 

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы.

Дереккөзі:

[1] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

[2]  Kazbusiness.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *