«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

IELTS емтиханына дайындалудың тиімді жолдары

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Қазіргі жаһандану дәуірінде ағылшын тілі — білім мен мүмкіндіктің кілті. Әлемнің үздік университеттерінде білім алу, халықаралық бағдарламаларға қатысу немесе шетелде жұмыс істеу үшін IELTS емтиханының маңызы зор. Бұл сынақ тек қана тілдік білімді ғана емес, адамның табандылығы мен дайындығын да көрсетеді. Сондықтан жоғары нәтижеге жету үшін тиімді дайындық жолдарын білу қажет.

Ең алдымен, нақты мақсатты анықтау керек. Белгілі бір оқу орны немесе бағдарлама талап етіп отқан ұпайды білу дайындық процесін дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Мақсат айқын болса оған жету жолы да жеңілдей түседі.

IELTS-қа дайындықтың басты қағидаларының бірі — тұрақтылық. Көптеген талапкерлер аз уақыт ішінде жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келеді. Алайда тіл үйрену үздіксіз дайындықтың арқасында ғана жүзеге асады. Күн сайын кем дегенде бір-екі сағат ағылшын тілімен жұмыс істеу сөздік қорды байытып, тілдік дағдыларды жетілдіреді.

Оқу барысында төрт бөлімге бірдей көңіл бөлу маңызды. Тыңдалым бөлімін дамыту үшін ағылшын тілінде подкасттар мен жаңалықтар тыңдау қажет. Оқылым үшін түрлі мақалалар мен кітаптар оқу тиімиді. Жазылым бөлімінде әртүрлі тақырыптарға эссе жазып, қатемен жұмыс істеу өте маңызды және сол тақырыптарға байланысты сөздер үйрену керек. Ал айтылым дағдысын жетілдіру үшін ағылшын тілінде жиі сөйлесіп, өз ойыңды еркін жеткізуге машықтанған жөн.

Сонымент қатар, емтихан форматын дақсы меңгеру де табысқа жетелейді. Уақытты дұрыс пайдалану, тапсырмалардың құрылымын білу және сынақ тестілерін орындау талапкердің сенімділігін арттырады. Ескеру керек, дайындық барысында қатемен жұмыс жасау өте маңызды. Қателерді талдап, әлсіз тұстармен жұмыс жасау нәтижені жақсартудың тиімді жолы.

IELTS — тек емтихан емес, мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа бастама. Табандылық пен жүйелі еңбектің арқасында кез келген мақсатқа жетуге болады. Сондықтан талапкер өз уақытын тиімді пайдаланып, үздіксіз дайындықтың арқасында ғана көздеген нәтижеге қол жеткізеді.

Назым ДҮЙСЕНБЕК,

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,

«Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің

11-сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Жыл сайынғы білім гранттарының саны 69 мыңға жетті

admin_farabi

ҰБТ:Үмітті үкілеп, күдікті сейілтуге ұмтыламыз

Тәрбие талбесігі – ата-ананың мейірімінде