Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Ірі қалалар – халқы көп, урбанизация деңгейі жоғары, көлік, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелері күрделі қалалар. Мысалы: Алматы, Астана, Шымкент және т.б.
Вена тәжірибесі – әйелдер мен балалардың, қарттардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, көшелерді, қоғамдық көліктерді, саябақтарды, тұрғын аудандарды қауіпсіз қоғамдық кеңістікке айналдыруға бағытталған тәжірибе. Бұл көшелерді жақсы жарықтандыру, бақылау камераларын орнату сияқты шешімдер арқылы іске асады.
*Вена тәжірибесі нақты іске асқан, нәтиже берген, жүйелі түрде қолданылып келе жатқан тәжірибе.
*Нәтиже бар болса – ақталады.
*Австрияның Вена қаласында әйелдер мен балалардың қоғамдық кеңістікте өзін қауіпсіз сезіну көрсеткіші 30%-ға артқан.
Қазіргі қоғам үшін Вена тәжірибесі неге маңызды?
- Қазіргі қоғамда әйелдер, балалар, қарттар мен мүгедектер қауіпсіздік пен қолжетімсіз инфрақұрылым сияқты кедергілерге тап болады. Бұл әсіресе ірі қалаларда байқалады.
- Урбанизация қарқынды жүріп жатыр. Қазір шешім қабылдамасақ, кеш болады.
Қазір ірі қалаларда жаңа аудандар салынып, жолдар жаңартылып жатыр. Дәл қазірден бастап әділетті әрі инклюзивті жобаламасақ, болашақта бәрін қайта жөндеуге тура келеді. Бұл – тиімсіздік.
- Қоғам қауіпсіздік пен жайлылықты талап етіп отыр. Вена тәжірибесі осы сұраныстарға тікелей жауап береді.
Бұл тәжірибе қаланы қайта салу емес, жоспарлау мен жобалау тәсілін өзгерту. Аз қаржымен басталып, тиімді әсер беретін шешімдер ұсынады.
Мысалдар: *Қосымша жарық орнату — қымбат жол салғаннан арзанырақ, бірақ қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.
*Қоғамдық кеңістіктерге отыратын орындар қою, аялдамаларды ыңғайлы ету де шағын инвестициямен іске асады.
Яғни, шығын көп талап етпейді, бірақ бөлінген шағын қаржы өзін бірнеше есе ақтайды.
Бұл тәжірибе болмаса, кейінгі шығын неге екі есе көп болады?
Қауіпсіздік саласы: *Әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс артады. Нәтижесінде полицияға, денсаулық сақтау мен сот жүйесіне қосымша шығын жұмсалады.
*Қауіпсіз инфрақұрылым болмаса, зардап шеккен адамдар саны артады. Мемлекеттік көмек пен емдеу шығындары өседі.
Қайта жөндеу шығындары: *Қала бастапқыда дұрыс жоспарланбаса, кейін жолды, тротуарды, көлік жүйесін қайта жасауға тура келеді. Бұл артық шығындарға алып келеді.
Неге дәл қазір енгізу керек?
*Урбанизация тоқтаған жоқ, даму әлі жүріп жатыр.
*Қала толық қалыптасып болған жоқ, сондықтан дұрыс бағытта жоспарлап үлгеруге болады.
*Қоғам да, билік те өзгеріске дайын. Халық та, мемлекеттік құрылымдар да әлеуметтік әділеттілік, қауіпсіздік және қолжетімділік мәселелеріне мән бере бастады.
Тәжірибе кеш енгізілсе де тиімді нәтиже береді.
*Венада бұл тәжірибе бір күнде емес, 10 -15 жыл ішінде енгізілді. Соған қарамастан айқын нәтиже көрсетті.
Нәтижесі қандай болады?
- Күнделікті өмір қауіпсіздігі артады.
- Мүгедектер мен қарттарға қолайлы жағдай жасалады.
- Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
- Әділетті әрі адамға бағытталған қала қалыптасады.
- Мүмкіндіктер көбейеді.
Тұрғындар үшін:
- Қауіпсіздік артады.
- Кешкі уақытта қылмыс саны азаяды.
- Көше тыныштығы сақталып, қала ішіндегі қозғалыс реттеледі.
- Өмір сапасы жақсарады.
Мемлекет үшін:
- Қаржылық жағынан үнем мен ұзақмерзімді тиімділік береді.
- Қылмыс деңгейінің төмендеуі құқық қорғау шығындарын азайтады.
- Қауіпсіз орта тұрақты қоғам қалыптастырады.
Даму үшін қандай мүмкіндік береді?
- Тұрғындардың қанағаттануы артады.
- Әлеуметтік наразылық, шағым және көші-қон азаяды.
- Мемлекетке деген сенім мен азаматтық белсенділік күшейеді.
Әлемдік аренаға шығуға қалай көмектеседі?
Халықаралық рейтингтер (Mercer, EIU, Smart City Index) тек экономика мен қауіпсіздікке ғана емес, экология мен өмір сапасына да үлкен мән береді.
- Вена, Копенгаген, Сингапур осындай тәжірибелер арқылы әлемнің өмір сүруге ең қолайлы қалалары атанды.
- Мемлекет әлемдік аренада өзін көрсете алады.
- Туристер саны артып, экономика дамиды.
Технологиялық және инновациялық даму
- Smart City (ақылды қала) қағидалары дамиды.
Халықаралық даму
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (SDG) аясында гендерлік теңдік, таза энергия, инклюзивті қала және климаттық әрекет бағыттарына үлес қосады.
Осындай қалалар БҰҰ, Дүниежүзілік банк және халықаралық урбанистика форумдарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ол мүмкіндіктер нені қамтиды?
- Қаржылай қолдау мен гранттар алу;
- Халықаралық серіктестермен тәжірибе алмасу;
- Қаланың имиджі мен беделін арттыру.
Әлемдік аренаға шығудың пайдасы қандай?
- Инвестиция тартылады;
- Туризм өседі;
- Халықаралық серіктестік артады;
- Брендинг пен ұлттық мақтаныш қалыптасады.
Неге дәл ірі қалаларда жүзеге асыру маңызды?
Өйткені ірі қалаларда Вена тәжірибесін жүзеге асыру мүмкіндігі жоғары. Олар қажетті ресурстарға, мамандарға және инфрақұрылымға ие.
АЛИШЕР Арайлым
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясының» 11-сынып оқушысы
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Мақалаға негізгі деректер:
https://www.wien.gv.at/stadtplanung/gender-mainstreaming-staedtebau;
https://www.wien.gv.at/en/living-together/gender-mainstreaming-examples;
https://culture.ec.europa.eu/cultural-and-creative-sectors/architecture/living-spaces/catalogue/vienna сайттарынан алынды.
