қосымша білімге шыңдайтын орталық

Мен «Juz40»  білім беру орталығының түлегімін. Қазірде тарих пәнінен осы орталықта дайындалудамын.

Жазғы демалыс кезінде құрбым ұсынған бұл орталыққа келіп, мектепте алған білімімді одан әрі шыңдау барысында, өміріме керемет өзгерістер әкелетінін қосымша білім алу нәтижесінде біліп отырмын. Білімімді толықтырып қана қоймай, көптеген жаңа құрбылармен, достармен таныстым. Шынымен бұл орталықтың басқа орталықтардан өз ерекшелігі бар. Оқу жүйесі жақсы ұйымдастырылған, қадағалау әдісі бәрі өзгеше. Орталықта онлайн және офлайн бағытта сабақ алуға болады. Сабақтан тыс уақытта әр пән бойынша дайындалуға мүмкіндіктер мол. Бақылаушы ұстаздар мен кураторларымыз да білікті ұстаздар болғандықтан, ата-аналарымыз біздердің орталықта  білімімізді шыңдауды қолдайды.

Офлайн бағытта оқитын оқушылар үшін түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Өзімізді қызықтыратын тақырыптарда пікір сайыстары, ойын сабақтары тақырыпты ширатуға, үйренгенімізді есте сақтауға берері көп деп айта аламын. «Juz40» орталығының  негізін қалаушы Мусаева Жұлдызай апайдың мотивациялық кеші қатысушыларға ұнайды. Мотивациялық кеш бізде әр ай сайын өткізіледі. “Қазір ұйықтап қалсаң, армандарыңды түсіңде ғана көресің”, “Ұйықтағанда аузыңнан аққан су ертең көз жасың болмасын” — деген сөздері мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басқан шақта, уақытымызды текке  өткізбей пайдалы іспен айналысу қажеттігіне жетелейді. «Көз жасың болмасын» — дегені ойланбай әрекет етіп, өкініп қалма. Сол себепті, әр істі бастамас бұрын әбден ойланып, нәтижесін бағамдап, дұрыс таңдау жасау дегенді білдіреді.

Адам баласы үшін ең қымбат, теңдесі жоқ тұлға ата – анасы. Олардың ата – аналарының жүріп өткен жолы. Өміріндегі өнегелі сәттер. Ақыл – кеңесін ешкім қайталай алмайды. Олар салған жолмен жүре отырып, болашаққа қол созамыз. Армандар арқалаймыз. Алдымызға мақсат қойып, оның орындалуы үшін білімді, жан – жақты болуға ұмтыламыз. Еліміздің іргесін құлатпай ұстайтын, «Аспан» атты көк шаңырақ астында жаңа Қазақстанға қадам басқан  Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дамыту, дамыған елдер қатарына қосылу үшін аянбай еңбек ететін жастарға лайық болу – әр жастың міндеті. Бізге сенім артқан ата-ананың, ұстаздар мен коғамның аманатын ақтап, жүктелген міндет үдесінен шығу үшін білімімізді нығайтып, таңдаған мамандығымыздың білікті иесі болуға бар күш – жігерімізді жұмсаймыз.

Оқырман! Менің айтқым келгені “егер сенде мен секілді болашақ түлек болсаң”, қазіргі кезде саған ҰБТ сынағынан өту қиынға соқса, жан -жағыңдағылар сені түсінбей жатса онда мен саған түрлі “подкаст, мотивациялық кештерді» көруге кеңес беремін. Қиындықтар өткінші жаңбыр сияқты.  Алда кездесетін  сынақтарды дұрыс қабылдап, төтеп беруге деген ниет болса, еңсермейтін асу болмайды. Бастысы берілме! Алда менің де, сенің де мемлекеттік грантқа ие болып, қалаған жоғары оқу орнының студенті болатынымызға сенемін!

                 БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,                               

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *