«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Оқиға

Көктемнің құпия бес күні

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Көктем келді дегенімізбен ауа райы кейде тосын мінезін көрсететіні рас. Байқасаңыз, бірде жылы леп ессе, бірде күн күркіреп, аспан тесілгендей күйге енеді. Осындай құбылмалы кезеңді дана халқымыз ерте заманнан ақ бақылап ерекше «бесқонақ» деген ат берген. Бұл әр жыл сайын қайталанатын, астарында терең мәні бар бес күн. Неліктен ата-бабамыз бұл күндерді «бесқонақ» деп атаған? Бұл күндері нені тыйым еткен?

Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесінде әр айда орын алатын түрлі табиғат құбылыстары мен маусымдық ерекшеліктер өзіндік мәнге ие болған деседі. Дана халық жыл мезгілдерінің әрбір кезеңін жіті бақылап, соған сай атау беріп, тіршілігін бейімдеген. Солардың бірі – көктем мен қыстың аралығында келетін «бесқонақ» кезеңі.

Бұл уақыт – табиғаттың құбылмалы кезеңі. Күн бірде жылынса, бірде лезде суып адамды да, малды да әбден әбігерге салған. Сондықтан халық бұл күндерді жай қарапайым күн деп емес, ерекше сақтықты қажет ететін кез деп түсінген.  Аталмыш жағдаят көктем мезгілінде жиі орын алады. Дәл  осы уақытта табиғаттың мінезі сан түрлі құбылып, ауа райы тұрақсыз болады. Дәстүрлі күнтізбеге сүйенсек, бұл күндерге сай ырым-тыйымдар да баршылық. Айта кетсек, бұл күндері алыс жолға шықпау, төрт-түлік малды ұзақ жайылымға жібермеу, жеңіл киінбеу, тағы сол сияқты сақтық шаралары қатаң сақталып, қарапайым халық табиғаттың тосын мінезіне дайын болуға тырысқан.

Қазақ арасында «бесқонақ» түсінігі туралы түрлі аңыздар бар. Біреулері бес күн орын алатындықтан бесқонақ деп атайды десе, ендігі бір түсініктер мүлде басқаша. Соның бірінде, ертеде бес жолаушы  қыдырып көрші ауылдарға жолға шығыпты, көктем мезгілі болғандықтан әсте ауа райының тосын мінезіне қамданбаған екен. Көрші ауылға жетіп, аманшылық сұрастырып қайтуға қамданған сәтте күн күрт бұзылып, қар аралас боран соғады. Жолаушылар жолда қатты аязға тап болып, бағыттарынан жаңылып қалады. Суықтың күшеюіне әлсіреген бесеуі де жол үстінде үсік шалып қазақ табады. Содан бері халық сол суық әрі құбылмалы күндерді «Бесқонақ» деп атап кеткен екен.

Құрметті оқырман,  бұл күндері сақтық шараларына аса мән бер. Көктем мезгілінде денсаулығыңа салғырт қарама. Сіз бен бізге берілген ең үлкен бақыт – денсаулық екенін ұмытпағайсың.  Амандықта көріскенше!

Шакира НИЯЗБАЕВА,

                                      Алматы қаласы,  «58 ЖББМ» -нің 10 — сынып оқушысы.

 Жетекшісі: Сансызбаева Алтынай Косаумасқызы,

 Шабарова Нуркуль Тилеукулқызы

Сәйкес жаңалықтар

Оқушылар арасында қатыгездік таныту деректері көбейген

Оралдық оқушылар жылқы қиынан қағаз жасау технологиясын ойлап тапты⠀

Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық гаджет қолдануына рұқсат жоқ