Қасым — Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті  

     «Жақында әлеуметтік желіде еліміздегі кітапханалардың рөлі туралы қоғам назарын аудартқан пікірталас болды. Шындығына келгенде бұл мәселенің мән — жайы баршаға түсінікті болуға тиіс. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай — ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды».

            Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында сөйлеген сөзінен.                   

Сулейменова Дания Жаксыбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

—Апай, оқитын кітап бар ма? Маған, Абай атамыздың шығармалары қажет еді, — деп келген оқушыдан айналасың.

Кітапхана сөрелеріндегі шығармалардың оқылғанын қалаймыз. Балаларға арналған шығармалардан мектептің әр оқушысы тәлім алсын, ғибрат алсын дейміз. Сондықтан, оқушылармен бірге көптеген шаралар өткіземіз. Қазіргі заманауи технологиялар дамуына орай, электронды оқулықтар қатары көбеюде. Оның да пайдасы көп. Мектеп оқушыларының  кітап оқуға белсенділігін арттырып, отбасылық кітап оқу дәстүрін жалғастыру. Оқушылардың  оқырман ретінде мәдени тәрбиесін қалыптастырып, көркем әдебиетке, кітапқа деген  қызығушылығын дамыту, электрондық кітаптарды оқуды  меңгерту мақсатында кітапханада оқырмандармен жаңа кітаптардың таныстырылымы тұрақты өткізіледі.

 

Мемлекет басшысының өзі оқитын кітаптары туралы айтып, еліміздің кітапқұмар оқырмандарына, жастарына оқуға қажетті 30 кітапты ұсынды. 15 кітап танымал ақын — жазушылардың шығармалары болса, әлемдік әдебиет өкілдерінің де кітаптарын атап өтті. Публицистика, ғылыми — танымдық әдебиет, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған шығармалар да бар. Аталған шығармаларды жеке-жеке балаларға ұсынып, оларды кітап оқытуға дағландыруға бар уақытымызды арнап отырмыз. Апталықтар, көркемсөз оқулары, оқушылардың жеке шығармашылықтары сағатын өткізу – кітапханашы ретінде маған өте қызықты. Өйткені, мектебімізде кітапқа қызығатын, оқитын, өздері қалаған кітаптарды сұрайтын оқырманның бары кітапханашыға да әртүрлі ой тастап, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға тырысамыз.

Кітапханашы туралы сөз бастағанымда, осы мамандық иелерінің де мәртебесін көтеру мақсатында елімізде атқарылып жатқан игі істерді атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жол­­дауында: «Кітапханашылардың жа­лақысы 2022-2025 жылдар ара­лы­ғын­да 20 пайызға арттыру тапсырылады», —  деп атап өтті. Әр кітапханашы, солардың қатарындағы мектеп кітапханашы да бұл жаңалықты қуана қарсы алып, еңбектерінің еленгеніне қуануда.  Биыл тұңғыш рет ресми түрде Республика бойынша қазақ айының 24 — і «Кітапханашылар күні» болып бекітілді. Таңдаған кәсібінің шебері атанған кітапханашылар республика деңгейінде «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталуда. Кітапханашы мамандығының болашағы – жаупкершілігі жоғары, атқарар ісі көп, алайда еңбегі көрінбейтін жандардың яғни әйел – аналардың еңбегінің бағалануы жас буынның киелі шаңырақта жұмыс істеу үшін кітапханашы мамандыған таңдауына ықыласын арттырады дер едім.

Еліміз бойынша барлық мектеп кітапханаларында жүргізіліп жатқан  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  мектебіміздің 2-11  сынып оқушылары арасында үзілісте «Бірыңғай оқу» кітап  оқу марафоны ұйымдастырылып, өтілу барысында белгіленген сынып оқушыларының қолдарына әдеби шығарма көшірмесі беріледі. Шығарма мазмұнымен танысып, оқып шығу үшін  30 минут уақыт бөлінеді. Оқып болған  соң бастауыш сынып оқушыларының қолдарына оқылған  шығарма бойынша  тест таратылады. Сол тест жауаптары арқылы оқушылардың уақытын босқа өткізбей шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.

Орта және жоғары сынып оқушылары «Kahoot» әдісімен берілген сұрақтарға  жауап берді. «Оқырман сағаты»  қорытындысына сәйкес оқушылар Алғыс хат, сыйлықтармен марапатталады.

Кітапхана мен онда өткізілетін шара мектеп әкімшілігіне, ұстаздар мен сынып жетекшілерге ортақ. Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  Қалиев Даулет Орынбекұлы, оқу ісінің орынбасарлары Тұрсынбекова Ләйлә Раушанбекқызы, Тлекеева Ғазиза Тоқтарқызы, мектеп тәлімгері Аманбек Айсара, директордың ақпараттар жөніндегі орынбасары Әбсеева Самал Жеңісбекқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Сулейменова Дания Жақсыбайқызы, Құлымбетова  Ақжан Ибатбекқызы, мектеп психологы Қалдыбекова Эльмира Әбілқасымқызы, кітапхана меңгерушісі Башаева Нұрсауле Бірәліқызы үнемі шәкірттердің ортасында бірге жүреді. Кітапханада өткізілетін әр шараға 2-11 сыныптардың жетекшілері де оқушыларының ортақ шараға белсене қатысуына қолдау білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБУОВА  Айгүл  Әбітайқызы,

                                                                            Астана қаласы, Алматы ауданы,

                                                                    №42 орта мектебінің кітапханашысы

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *