«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Басты ақпарат

Мемлекет басшысы көрме павильонын аралап көрді

2025 жылғы 05 тамыз               Түрікменстан, Аваза қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды.

Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген.

Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.

https://akorda.kz/

Сәйкес жаңалықтар

🇰🇿Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУ – ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

farabi shakirti shakirti

Қарқара – құтты мекен, тарихи өлке

farabi shakirti shakirti