«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
ЖаңалықтарЗерек бала

Өнердің жүзіп өріне

Арқалық қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш 2-сынып оқушысы Дәулет Айзере Алмасқызы «Өнер» — десе ішкен асын жерге қоятын өрендердің бірі.

Мың бұрала билегенді жаны қалайды. Оның осы талабын байқаған ата-анасы қаладағы «Айказ» өнер орталығындағы би тобына берді.

Айзере мен оның құрбылары биыл қараша айында Алматы қаласында өткен ІІ Халықаралық «Алматы жұлдыздары» байқауына қатысып, топ бишілері бас жүлде мен І орынды иеленді. Айзеренің тобындағы 12 қыз қазақ биі «Алтын сақаны» сахнаға алып шықты. Көрермендер ілтипатына ие болып  қазылар алқасының талабынан шыға біліп, І-орын мен арнайы сыйлыққа ие болды.

Өнеріңмен өрге жүз, Айзере!

FSH редакциясы

 

Сәйкес жаңалықтар

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

«Farabi Shakirti» зерек жасөспірімдерге арналған басылымына жазылу жүріп жатыр

admin_farabi

ТЖМ басшысы елордалық құтқарушыларға пәтер мен қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті