Отан да отбасынан басталады

Асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Жанұяң — демеу болар үлкен жүрек.

Әжең сені қасына ап, күлімдейді,
Анаң келіп қуанып, күнім дейді.
Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,
Оларда қиналған соң, уайым жейді.

Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!!!

ЕЛЕУСІЗ  Айнұр

Әрбір адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап ана мейірімін, әке қамқорлығын, ағайын қолдауын сезінуге лайықты. Бірақ бұл өмір қатал болғандықтан біреуге бақытты нәсіп етсе енді біреуге ондай махаббат бұйырмауы мүмкін. Отбасы — сенің жүрегін, тірегін, құласан  демеп, адассан жол көрсететін жанашырларың. Адамдардың ең үлкен жіберетін қателігі отбасыға жеткілікті көңіл бөлмеуі. Бұның соңы жақсылыққа апармайтындығы бәріне аян. Өкінішке орай қателік екендігін біле тұра бәрібірде пендешілікке басып, дүниенің соңынан еріп, аяқты шалыс басатын кездер жиі кездеседі.

Дәл сол кезде ғана қолдау көрсететін жан іздеп, қателік жіберіп аламыз. Осындайда ынтымағы мықты отбасың сенің қателегіңді түзетіп, қолдау көрстепі, ойыңды жинақтауға көмектеседі. Бұл дүниеде отбасыдан артық ештене жоқ. Алыс кетсе сағынып, жырақта болса жылулығын аңсайтында отбасымыз. Бес әріптен құралатын қасиетті сөзде түсіне білетін адамға қаншама мағына жатыр. Әттен,біз адамдар қолда бар алтынның қадірін білсек қой. ОТбасындағы ата-анаңа, бауырларыңа мейірім танытып, оларды шын жүрегіңмен жақсы көретініңді жылы сөзіңмен, алақанға салып аялауыңмен білдіресің. Бүгінгідей, бір отбасындағы адамдардың барлығы үйге келген соңғ телефонға қадалып қалғанда, қасындағы жақындарын ұмытып кететін жағдай жетіп отырмыз.

Қандай жағдай болмасын, күні бойы бір сәт демалмасын, шаршамайтын, барлыңына уақыт табатын бір жан бар. Ол-АНА. Кейде осы анам түнде ұйықтай ма деген сұраққа жжауап таппайсың. Бәріне қамқорлық көрсетіп, барлығына үлгеретін ананың қадірін мен де енд-енді түсініп жатырмын. Әке – асқар тау, орны қашанда бөлек. Мына жарық дүниеге көз ашып келген балалар толық отбасында өмір сүруі қажет. Ата-анаға құрметті ешуақытта жоғалтпауға міндеттіміз. Бұл – отбасындағы әр перзенттің парызы. Ата-ананың үмітін ақтау, еңбегін бағалау, күні ертең олар қарттық жасына жеткенде, тастамай жүрек жылуына бөлеу – пензент алдындағы өтейтін парызы.

Ата-анамыздың, бір ата-анадан тараған ұрпақтарының жанға жылу сыйлайтын кездері көп болғаны абзал. Әрине, үйдегі балалар ердеткен соңғ ірқайсысы өмірден өз орнын тауып, жеке бөлінііп кетеді. Әйтседе, қара шаңырақты ұмытпауы керек. Жан-жағымызға қарасақ, кейінгі кездері адамдардан қайырымды болу, жжанашырлылық таныту деген қасиеттер жоғалып бара жатқандай. Кей жағдайда отбасындағы адамдар да бір-бірінен алшақтай бастаған сияқты. Соның ішінде отбасы құндылықтарына  айтарлықтай мән берілмей келе жатқаны қоғамда талқылануда. Адам жанын жадырататын игі тілек, жақсы сөз. Бір-біріміздің қадірін белмек түгілі,  мен сені жақсы көремін деген үш ауыз сөзді айтуға тартынамыз. Елімізде отбасына зәру қаншама балалар өсіп келеді. Оларды мемлекет қамқорлығына алып, арнайы балалар үйінде тәрбиеленуде.

Балалар үйінде өсіп жатқан бейкүнә сәбилердің жан айқайын біз білмейміз, түсінуге тырыспаймыз. Олар біз күнде сезінетін ата-ананың жылулығына, махаббатына, қолдауына зәру. Ал оларды тастап кеткен ана мен әкенің жүрегі қандай тас десенші. Дәл сондай қатыгез болу үшін жүректі қандай мұз келіп қатыру керек? Сонда ол балалардың бар кінәсі не? Аналары не деген тасжүрек. Айтуға оңай болғанымен, өзегінен жарып шыққан шақалақ сәбилерін тастап кететін жас аналардың осы халге жеткен жағдайының салдарын зерттеп, ертең бауыр еті балапандарын өз құшағына қайтарып беруді ойластыратын жандардың жоғы да балалар үйінің көбеюіне себеп болуда.

Осындай жағдайларды көріп еріксіз көзге жас келеді. Жақындарынан безіп атақ-абыройға,байлық-дәулетке жету ол сүйініш емес күйініш. Әрбір отбасы бар адам уақытында жақындарының жанынан табылып, қолда барынан аянып қалмау керек. Ертенгі күн жұмбақ. Сен бағаламаған ата-ана қамқорлығына қаншама шарасыз сәбилер мұқтаж. Сол үшін әрбір сәтімізді бағалайық. Отбасындағы әрбір адамның орны бір төбе. Перзенттің үлкен жетістігі ата-ананың үмітін ақтауы, ал ата-ананың міндеті баланың бетін қақпай, ең бастысы адам етіп өсіру. Қазақта “Отан-отбасыдан басталады” -деген даналық сөз бар. Отбасы ол шағын мемлекет, сыртын жаудан, ішін даудан сақтау керек. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан тату отбасы кез-келген сынақты оңай ескереді, бірігіп күш қосса талай асуды алатындығы шүбәсіз.

АЛИНА АЖАР,

Абай облысы, Абай ауданы,

«Ш.Тоқжігітов атындағы мектебі» КММ

10 «Б» — сынып оқушысы.

Жетекшісі: ДӘРІБАЕВ Дихан Жақсыгелдіұлы,

              қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *