«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
БілімПланетаТарих

СҚО-да Алтын орда дәуiрiнiң қымбат жәдiгерлерi табылды

СҚО әкiмi жұмыс бабымен Уәлиханов ауданына барды. Бұл жайында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.

«Уәлиханов ауданында 2019 жылы ашылған ортағасырлық «Қызылоба мазарына» бардым. Үш  жыл бойы қазба жұмыстары жүргiзiлiп, құнды жәдiгерлер табылды. Атап айтқанда, 14 ғасырға жататын күмiс монеталар, алтын бұйымдар, керамика, мазарлар мен пештер», — деп жазды өңiр басшысы.

Бұл Солтүстiк Қазақстан аумағында Алтын Орда қоныстарының болғанын дәлелдейдi. Қазiр тарихи ескерткiштi сақтап қалу үшiн музейлендiру жұмыстары жүргiзiлуде.

«Кешқұрым облысымыздың шалғайда жатқан ауылдарының бiрi — Береке мен Қулыкөлге барып, тұрғындармен кездестiм. Кездесуде жол, су, интернет мәселелерi көтерiлдi, барлық мәселелер бақылауға алынды. Биыл Қулыкөлде iшкi жолдар жөнделiп, ауыл клубы жаңартылуда», — дедi СҚО әкiмi.

Сәйкес жаңалықтар

IGEO-2023 географиядан Халықаралық олимпиадада Қазақстандық оқушылар алтын және қола жеңіп алды

farabi shakirti shakirti

Мемлекет басшысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды

farabi shakirti shakirti

Оқушылар мектепте хиджаб кие ме? Аида Балаева жауап берді