«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Сауығып кетуіне тілектеспіз!

—Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсті, — деп хабарлайды farabishakirti.kz  Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап. Дереккөзінің мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.

Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.

Ол мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Мұхтар атамыз ғұмырын шығармашылық пен руханиятқа арнады

Театр тарландары: «Ақбоз аттың иесі»

Қостанайда Міржақып Дулатұлының ескерткіші ашылды

farabi shakirti shakirti