«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Шығармашылық шабыт сыйлаған – К.Ф.Л.

КФЛ дегеніміз не?-Конференция. Форум. Лекция.

Осындай парасаты мен  кәсіби білім тоғысқан адамдар арасында болып, олардың ақыл — кеңесін тыңдау жанымның мәртебесін көтеріп,  шабыт береді. Әрдайым осындай жоғары деңгейдегі жиындардың ізденісіндемін. Алматының қай шетінде болсада, шақырса ұшып тұрамын. Саналы адамдармен бас қосқанда, ерекше жаным демалып әрі тынышталады.

Болашақ мамандығым журналист болған соң, мықты мықты деген журналистермен бас қосуға асығамын. Өмірімде алғаш рет СДУ — Сүлеймен Демирел атындағы Университетте 2024 жыл лекцияда бірінші рет болдым, сосын осы жылы Тұран және ҚазҰУ Әл-Фараби де өткен форумдарда болдым. Тұран университетінде жақында, Шындалиева Меңдігүл Бұхранқызының 60 жас мерейтойына арналған  Халықаралық конференция өтті.

Бұл конференцияға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, басқа да шетелден ғалымдар қатысты. Өткен жиында,  филология, журналистика, қазақ әдебиеті саласындағы барлық педагог, доценттер жиналған ерекше конференция болды. Ал ҚазҰУ-де LI Республикалық Жас Тілшілер форумы өтті. Оған қатысып сертификат алдым, Ертеңіне күні «Ұлан» газетінің редакциясында өткен кездесуде  белгілі журналист-Асылхан Мамашұлына  өз сұрақтарымды қойдым. Редакциясының Алғыс хат алған болатынмын. Осы жылдың наурыз бен сәуір айлары өзімнің қабілетімді шыңдап талпынып жатқан, мүмкіндіктерге толы ай болды. Шағын қадамдарым,болашағыма қосқан үлесім деп білемін.

Ендігі арманым, «Журналист» мамандығына грантқа оқуға түсіп, оны бітірген соң мықты маман иесі болып, еліме қол ұшын созсам деймін.

КЕЛЬДЫБАЕВА  Алуа Тулегенқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»

11 «Г»  снып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Сәйкес жаңалықтар

Сымбат — мүсін дегенің

Жауқазын жырлар

farabi shakirti shakirti

11 жасар оқушы IQ жағынан Эйнштейн мен Хокингті басып озды