Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі таңда смартфон қолдағы жай құрал емес, күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналды. Мамандардың зерттеуінше, Қазақстанда бес баланың үшеуі күннің жартысын телефонға телмірумен өткізеді.
Мамандардың пайымдауынша, 5 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефон түгіл теледидар көруге болмайды. Осы кезеңде жеткіншектердің дене мүшелері қарқынды дамитындықтан, оның кері әсері көп. Дегенмен, қазіргі таңда жастар арасында мойын омыртқа ауырулары жиі кездеседі. Телефонға тәуелділік қимыл тіректен бөлек, жүйкені де тоздырады. Бала смартфоннан ажыраса, мазасыз күй кешіп, ашушаң бола бастайды. Одан бөлек интернеттегі түрлі агрессивті ойындар оларды қатігездікке үйретеді.
Кішкентай балалар телефонды көп пайдаланса, меопия — көз потологиясына алып келеді. 14-15 жас аралығындағы балалардың 20-25 пайызы меопия кездеседі. Ал 50 пайыз балаларда гиперметропия кездеседі. Тағы бір зияны- гаджеттегі көк жарық көру қабілетін құртады. Смартфонда көп отыратын балада құрғақ көз синдромы кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына қарасақ, 2035 жылы балалардың 2/1-і көзілдірік киюін болжайды. Тізе берсе пайдасынан залалы көп телефонға тәуелділікті азайтудың жолы — баланың бос уақытын қызықты өткізу, сабақтан бөлек спортқа, шығармашылыққа баулу. Жеткіншектерді виртуалды әлемнен алшақтату үшін оның өмірін түрлендіріп, қызықты сәттерге толтыру қажет дейді мамандар.
—Ресми мәліметке сүйенсек, Астана қаласында 21 жасар жігіт туыстарын бауыздап тастаған. Алдын ала мәлімет бойынша отбасылық жанжалға компьютерлік ойын себеп болған. «Жантүршігірлік оқиға 2025 жылы 17 қаңтар түнгі сағат 3-4 -тер шамасында болған. Бұл үйде апалы-сіңілі үш әйел мен 21 жастағы інісі мен 28 жастағы ағасы тұрған. Бұл пәтерде тұрған 21 жасар күдікті өз туыстарын пышақтаған. Бір туысын өлтіріп, тағы үшеуін ауыр жарақаттады. Смартфон арқылы ойын ойнап отырған жігіттен әпкесі телефонды сөндіруді сұраған. Алайда ол бұл өтінішті елемей, ойынын жалғастыра берген. Екінші мәрте ескерту жасағанда ашуланып, қылмысқа барған»,- дейді Ирина Барсақбаева, тілші.
Адамның телефонға деген психологиялық тәуелділігін бірқатар әдеті арқылы анықтауға болады. Бұл жайлы «Прайм» агенттігіне психолог Дмитрий Синарев айтып берді. «Ең басты белгісі — адам құрылғыны назарда ұстайды. Телефон адамның қолында жүреді немес ол смартфонды көзіне көрініп тұратын жерге қояды. «Мұны тіпті психологияға қызықпайтын адам да аңғара алады. Әлеуметтік желіде, хабарлама жазған кезде мұндай адамдар грамматикалық және стилистикалық қате көп жібереді. Себебі мұндай адамдар гаджеттің «миына» сүйенеді және жазғанын тексеруге ұмтылмайды. Өз ойын жеткізудегі мұндай сенім де тәуелділіктің белгісі», — деді маман.
Психологтың айтуынша, бұл құрылғылар біздің санамызға сіңіп бара жатыр. Себебі адамдар сезім мен эмоциясын сөзбен емес, стикерлермен жеткізеді. «Біз сол смайлдарды қолданып, сөйлеуге уақыт бөлмейміз. Бұл тенденцияның басты қаупі – адамдар бағдарламаланып бара жатыр, соның салдарынан басқару оңай болады», — деп толықтырды психолог.
Телефонға тәуелділіктің тағы бір залалы — ғалымдар жаңа атаулы фобия ойлап тапқан. Номофобия – смартфонға әдеттен тыс тәуелділік. Қазір миллиондаған адам гаджет болмаса өзін жайсыз сезініп, алаңдаушылық білдіреді. Бұл – «номофобияның» бір көрінісі. Мұндай белгіні смартфон ұстаған кез келген адамнан көруге болады. Өйткені, алғашқы «ұялы телефондар» байланыс құралы болса, қазіргі смартфондар өмір сүру сапасын арттыратын бір құралға айналды. Онда денсаулықты бақылау, білім беру компоненті, қаржы табу амалы және ойын-сауық мазмұнын қамтитын тұтас әлем шоғырланды. «OnePoll» мен «SecurEnvoy» компанияларының анықтауынша, номофобиядан азап шегушілердің қатары күн санап өсіп келеді екен. Әрбір үш адамның екеуі ұялы телефонын жоғалтып аламын ба деген қорқынышы бар екендігін мойындаған. Әсіресе 18 бен 24 жас аралығындағы жастар.
Статистикаға сәйкес, әлемде жыл сайын 5 миллион бала смартфонның кесірінен көз жұмады. Және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жеткіншектердің 80 пайызы, ересектердің 23 пайызы өмірін телефонсыз елестете алмайды. Психологтардың пікірінше, гаджет маниясы кейінгі онжылдықтағы ең көп тараған аурулардың бірі. Адамдардың 80 пайызы оянғаннан кейін алғашқы 15 минутта гаджетін қолына алады. Біз телефонға телміруге, орташа есеппен, күніне үш сағаттан астам уақыт жұмсаймыз. Бұл көрсеткіш бір аптада бір тәулікке жуықтайды. Ал бір жылдағы онлайн өмірге деген тәуелділік бір жарым айға тең. Смартфоннан қалай бас тартамыз?
Тәуелділіктің алдын алу ең алдымен саналы шешімнен басталады. Әр адам өз уақытының құндылығын түсінуі керек. Күніне қанша сағат телефон қолданатыныңды бақылап көр. Егер бос уақытыңның көп бөлігі әлеуметтік желіге кетсе, демек ойланатын уақыт келді. Экран уақытын шектеу, қажетсіз қосымшаларды өшіру, хабарламаларды азайту – алғашқы қадамдар. Бірақ ең маңыздысы – балама табу. Спортпен шұғылдану, кітап оқу, отбасымен әңгімелесу, таза ауада серуендеу адамның шынайы эмоциясын оятады. Смартфон виртуалды әлем ұсынады, ал шынайы өмір – сезім, қозғалыс, шынайы қарым — қатынас.
Егер адам телефонды бір сәтке шетке қойып, айналасына назар аударса, қаншама мүмкіндік барын көреді. Тәуелділіктен құтылу – бір күндік емес, бұл – тәртіп пен ерік-жігердің нәтижесі. Бастысы, телефонды басқару керек, телефонның саған билік жүргізуіне жол бермеу керек. Өмір экранның ішінде емес. Ол сенің көзіңде, жүрегіңде, жаныңда. Уақыт – қайтып келмейтін қазына. Оны шексіз лентаға емес, өз армандарыңа жұмса. Бүгіннен бастап кішкентай өзгеріс жаса: бір сағатқа телефонды өшіріп көр. Сол бір сағатта өзіңді, ойыңды, мақсатыңды тыңда. Мүмкін, дәл сол сәт сенің шынайы еркіндігіңнің бастауы болар.
ДАУЛЕТ Ақтолқын
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
«Үштерек ауылы орта мектебінің»
түлегі.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Пайдаланылған дереккөздері:
«Таңшолпан» бағдарламасы;
Телеканал «24 kz»; «Информбюро;
Aikyn.kz;Stan.kz
