Құрметті Гүлнар Советқызы!
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің қуанышына әрдайым бөлене беріңіз. Сіздей ұстаздың шәкірті болу — біз үшін үлкен мақтаныш.
11 «Б» сыныбы сізді әрдайым жақсы көріп, мақтан тұтады!
***
Біздің жүрегімізден ерекше орын алған аяулы ұстазымыз — Билалова Гүлнар Советқызы. Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес, ол үлкен жүрек пен сарқылмас сабырды талап ететін қасиетті жол. Осындай ұлы жолды өмірінің мәніне айналдырған
Гүлнар Советовна 1993 жылдан бастап ұстаздық қызметін абыроймен атқарып келеді. Алматы шет тілдер институтын тәмамдап, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде сан мыңдаған шәкірттің жүрегіне білім нұрын себуде. Биыл ұстазымыздың еңбек жолына 33 жыл толып отыр.
Осы жылдар ішінде ол тек ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, шәкірттеріне адамгершілік, тәрбие, еңбекқорлық пен биік мақсатқа ұмтылуды үйретті. Ұстазымыз бірнеше сыныпқа жетекшілік етіп, әр баланың жүрегінен жол таба білді. Біз үшін ол тек мұғалім емес, ақылшы, қамқор жан, екінші анамыздай болып кетті.
Ұстаз еңбегінің жемісі — оның шәкірттері. Гүлнар Советқызының тәрбиесін көрген оқушылар түрлі салада биік жетістіктерге жетуде. Соның дәлелі ретінде шәкірттерінің жетістіктерін мақтанышпен айта аламыз.
Бияхметова Нұрай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламасын білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» атты республикалық байқауда екінші дәрежелі диплом иеленді. Мақсұтқан Нұрәлі бокстан халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы атанды. Алтынбекова Ақбота ағылшын тілі пәнінен республикалық
олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері болды. Амантай Айман – менің мақалаларым «Уақыт тынысы», «Ұлан» газеттері мен «Фараби шәкірті – Farabi Shakirti» журналы беттерінде жариялануда. Мен 2026 жылы Республикалық «Фараби шәкірті» журналының «Жас тілшісі» атандым. Ал Жүнісов Арман қазіргі таңда елге танымал дәрігер болып қызмет етуде.
Осындай жетістіктердің барлығы — ұстаздың адал еңбегі мен берген тәрбиесінің нәтижесі. Гүлнар Советқызына біздің барлық еркелігімізді көтеріп, мінезімізге түсіністікпен қарап келеді. Кейде қатты ұрысса да, оның әр сөзі біз үшін тәрбиелік мәні бар екенін түсінеміз. Өйткені ол бізді жақсы көргендіктен, болашағымыздың жарқын болғанын қалайды.
11 «Б» сыныбы үшін Г.С. Билалова ерекше жан. Біз оны шын жүректен жақсы көреміз. Себебі ол бізге тек ұстаз ғана емес, мектептегі ең жақын адамымызға айналды. Оның сабағы, айтқан ақылы, тіпті ұрысқан сәттері де біз үшін ыстық естелік болып қала береді.
Биыл біз мектеп қабырғасымен қоштасқалы тұрмыз. Бірақ біздің жүрегімізде ұстазымыздың орны әрқашан ерекше болып қала береді. Себебі нағыз ұстаздың берген білімі мен тәрбиесі ешқашан ұмытылмайды.
Бұл мақала Билалова Гүлнар Советқызы ұстазымызға
оқушысы Амантай Айманнан мектеп бітіру сәтінен естелік
ретінде арналады. 20.05.2026 жыл
Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы,
«Бауыржан Момышұлы атындағы» КММ ОМ
