«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

«Сырттай тыныш, ішкі ойы терең»

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Адамды сыртқы мінезіне қарап толық тану әрқашан мүмкін бола бермейді. Кейбір адамдар көп сөйлемейді, өз ойын ашық жеткізе бермейді. Олар көпшілік ортада көзге түспей, тыныш жүргенді ұнатады. Қоғам мұндай жандарды көбіне тұйық немесе өзіне сенімсіз деп қабылдайды. Бірақ шын мәнінде, сырттай тыныш көрінетін адамдардың ішкі әлемі өте терең болуы мүмкін. Олар бәрін жүрегіне жақын қабылдап, көп ойланады. Кейде адамның үндемеуі оның әлсіздігін емес, керісінше терең ойлайтынын білдіреді.

Сыныбымызда үнемі үнсіз жүретін бір қыз болды. Ол ешқашан өзіне артық назар аудартпайтын. Сабақта да көп сөйлемей, тыныш қана отыратын. Басында оны жай ғана тұйық адам шығар деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе адамның үнсіздігі оның бос екенін емес, керісінше ішінде айтылмаған ойы көп екенін түсіндім. Кей адамдар сезімін сыртқа шығармайды. Олар бәрін ішінен өткізіп, үнсіз жүрсе де, жан дүниесі өте терең болады.

Қазіргі қоғамда көп сөйлейтін адамдар тез көзге түседі. Көпшілік ортада белсенді жүрген жандарды бәрі байқайды. Ал тыныш адамдар көбіне елеусіз қалып жатады. Кейбіреулер оларды қызықсыз немесе өзіне сенімсіз деп ойлайды. Бірақ адамның мінезін тек сөйлеуіне қарап бағалау дұрыс емес. Себебі әр адамның ішкі әлемі әртүрлі болады.

Тыныш адамдар көбіне жалғыздықты жақсы көреді. Олар көпшілікке сырын аша бермейді. Кейде мұндай адамдардың ішінде үлкен арман, мұң немесе айтылмаған сезімдер жатады. Олар бәрін үнсіз қабылдап, ішінен өткереді. Сол себепті мұндай жандарды түсіну үшін тек сыртқы мінезіне емес, адамгершілігі мен ішкі дүниесіне де назар аудару керек.

Қорытындылай келе, адамды тек сыртқы мінезіне қарап бағалау дұрыс емес. Кейбір адамдар көп сөйлемесе де, олардың ішкі әлемі өте бай әрі терең болады. Сондықтан әр адамға түсіністікпен қарап, оны сыртқы бейнесіне қарап бағаламау керек. Кейде үнсіз адамның ішінде біз білмейтін тұтас бір әлем жатады.

ҚАНАТҚЫЗЫ  Нұрайым,

«№58 Ы.Алтынсарин атындағы шағын жинақты

жалпы білім беретін мектептің» 11 – сынып оқушысы,

Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай ауылы

 

Сәйкес жаңалықтар

Бастауыш сыныптарға арналған құмыра шеберлігі

farabi shakirti shakirti

ЗАРИНА НҰРҒАЛИЕВА ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды