«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Т ә у е л с і з д і к!

Құлаққа жеңіл естілгенімен мағынасы тереңде жатыр. .Біздің қазіргі алаңсыз
шағымыз, қаперсіз ойнап — күлуіміз, қалаған нәрсені алып, ұнатқан киімді киюіміз,
жаңа бағдарламалар негізінде сапалы түрде білім алуымыз, еркін түрде өз
ойымызды айқын жеткізуіміз — ең бастысы, өзге елдермен дипломатиялық қарым —
қатынас орната алуымыз еркіндігіміздің айғағы.
Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама өрімдей жас қыздар,
айбатты ерлер қыршын кетті. Жандарын қыл үстіне қойса да,қазақтың ары таза
екенін жеткізумен әлек болды. Бұл сол кездегі Сабира, Қайрат,Ләззат,Ербол сынды
жүрек жұтқан батырларымыздың арқасы. Сол үшін Қазақстанды әрі қарай дамыту
әр Қазақстан азаматының мойнындағы парыз болып табылады. Егеменді ел болу тек
бірлігі мен ынтымағы жарасқан елде ғана орнайды. Береке — бірлігі жарасқан
елдімізді дамыту өз қолымызда!
Жаңа Қазақстанды бірге қарсы алайық!

 

 

 

 

 

 

 

Маратқызы Құндыз

Алматы облысы, Кеген ауданы,
Жалаңаш ауылы, Сәрсенбай Бейсембетұлы
атындағы орта мектептің 6»А» сынып оқушысы.
Ұстазы: ТОҚТЫМАНОВА Гүлдана Мұхтарқызы

Сәйкес жаңалықтар

Әбілхан Қастеев атындағы музейде «Мерейтой иелері — 2025» көрмесі ашылды

«Қарлығаш» фильмі тағы бір фестиваль жүлдесіне ие болды

farabi shakirti shakirti

Асыл анама

farabi shakirti shakirti