«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Жамбылдың жылы бейнесі

Алып бейне ,ғаламатқа от болған,

Алаулаған, тасып,бірде шоқ болған.

Жамбыл-жыршы, жырлап өткен даланы,

Жүректегі жылы сәттен, құт болған.

Ақыл-ойдың ажарысың, тым бөлек,

Қазағымның ғажабысың, бір ерек.

Нұрың көкке шуақ болып таралар,

Қазағыма сен жырлаған жыр керек.

Әр сөзіңнен рухтың әнін сеземін,

Сен деп қана, бақ әлемін кеземін.

Жарықсың сен, түнектерде жол тапқан,

Ұрандайсың: «Елім үшін төземін!»

Жамбыл-жұлдыз, елімізге тіл біткен,

Жамбыл барда, мына әлем жыр-көктем.

Сын сағатта, жарып шыққан жүрегің,

Рухты еді, рухты еді тым неткен!

Тыныбек Махаббат

11 «А» сынып оқушысы

Түлкібас ауданы, «Дарын» мектебі

Сәйкес жаңалықтар

Ауылдық елді мекендердегі экономикалық даму қажеттілігін жарнамалауда бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы

Музыкамен сөйлеген тағдыр

«Әй, қыз, көзіңді аш!»