«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

“Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек.

Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”

Н.Ә.Назарбаев,

Қазақстанның Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы

—Қоғам мен құндылық Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз. Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек – деді Республика Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  мақаласында.

Қазақстан Республикасының Президентінің бастауымен «Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда аянбай еңбек етті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды.

Алаш қозғалысы кеңес үкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді ХХ ғасырдың басында Президенттік басқа­рудағы мемлекеттердің әлемде санаулы болған­дығын ескерсек, Алаш зиялыларының мемлекет басқару ісінде қаншама озық ойлы, тұрпатты, құқықтық мемлекет құрудың алғы­шарттарын жасағандықтарына көзіміз жетеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тәжіри­белерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Алаш қайраткерлерінің Қазақ автономиясын құрып, тәуелсіз мемлекет идеясын туғызған өршіл рухын еліміздің көк туын желбіретуші Тұңғыш Президентіміз — Елбасының Н.Ә.Назарбаев одан әрі жүзеге асырып отыр деуімізге толық негіз бар. Бұл аталғандар қазақ елінің азаттығын аңсаған Алаш ардақтыларының қызметінен бірер мысалдары ғана Қазақтың бостандығы үшін күрескен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты ұлы тұлғалар бастаған ізгі жолды жалғастырып отырған партия. Менің ойымша, осындай азаматтарымызға «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» дегім келеді.

 

ТАНЫСХОЖАЕВА Гүлбайра Беделханқызы,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің

 кітапхана меңгерушісі