Өнер атауының ең қиыны, әрі күрделісі сөз өнері. Қанша күрделі дегенмен сөз өнерін меңгеріп, маржан тергендей мөлдіретіп, көркем туынды жазған қаламгерлеріміздің еңбегі өлшеусіз. Олардың шығармалары бір емес бірнеше буынға рухани азық болып келеді. Артына өшпес мұра қалдырған сондай ірі тұлғалардың бірі драматург, қазақтың халық жазушысы Тахауи Ахтанов.
Осы орайда, Т.Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай C.Жиенбаеватындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе жазушы, драматургТахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тахауидің сөнбес шырағы» атты онлайн конференциясын өткізді.

Кітапханамыздың төрінде Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қос жұлдызы «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бақытжанов Мағзом Сафиұлы және «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы қонақта болды. Кеш барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Кәсіби шығармашылық» факультетінің 3 курс студенті Қожабай Бекжан Елдосұлы қазақтың қара домбырасымен «Қазақ күйлерінен попури» тарту етті.

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасыныңоқырмандары Т.Ахтановтың «Әке мен бала» драмасынан үзінді көрсетіп,Есенғали Раушановтың: «Тік жүріп, тік құлаған сені көрдім, Қазақы қара сөздің жолбарысы»деп арнау өлеңің оқыды. Қонақтарымызбен сұхбат барысында есті әңгімелер мен қызықты естеліктерімен бөлісті. Театр әртістері қазіргі таңда «Боран» қойылымы театр сахнасында көрермендер назарына ұсынылып жатқанын, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп отырғанында айта кетті.

Театрдың ашылуында қойылған қаламгердің ««Күшік күйеу» комедиясыда өз уақытында лық толы залды жинайтын қойылым болғанын атап айтты. Мағзом Софиұлы: «Одан бөлек, Таханның «Арыстанның сыбағасы», «Ант», «Күтпеген кездесу» шығармалары театр сахнасында осы уақыт аралығында сахналанды. «Ант» қойылымында Сауран деген кейіпкерді ойнадым. Ол мен үшін үлкен жауапкершілік еді.»,-деді.

Сұхбат барысында Шалқия Ауғанбайқызы: «Менде театр сахнасында Таханның бірнеше шығармаларындағы кейіпкерлерді ойнадым. «Күшік күйеу» қойылымында – Бижамал, «Ант» қойылымында — Бәтима ханым, «Күтпеген кездесу» қойылымныда Ғайни рөлдерін сомдадым».
Театр-рухани байлықтың қайнар көзі екені баршамызға аян. Қазақтарихында «театр»ұғымы болмаса, қазақ өнерінің белгілі бір деңгейде дамужолы қиынға түсуші еді. Ерекше сағынышпен, асқан махаббаттарымен театрдың әр қойылымын аңсап күтетін қадірлі көрермендер саны артыпжатқаны біздіде қуантады.        Кітапханамызда Т.Ахтановқа арналған кітап көрмесі қойылды. Қаламынан туған шығармалар, романдар, повестер, драматургиялық шығармалары жинақталып оқырмандар назарына ұсынылып, таныстырылды. Көрменің мақсаты: Тахауи Ахтановтың қызмет жолымен, шығармаларымен таныстыру және насихаттау, қазақ әдебиеті мен драматургиясының дамуына елеулі үлес қосқан жазушының белгілі тұлғасына оқырмандардың назарын аудару. Осы шығармалары арқылы Т.Ахтанов қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына ерекше қазына қалдырған қаламгер.

Қаламгердің шығармалары ұмыт қалмай бүгінге жетті. Енді соны түсініп, оқып, түйсініп ертеңге жеткізу сіз бен бізге мұрат.

Толғанай  ӨМІРЖАНҚЫЗЫ,

Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық

 жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *