Музыка — адамзатты өз құдыреттілігімен шабыттандыратын ерекше бір дүние. Қиын кезде демеу беріп, жауабы табылардай күйге жеткізе білетін де бұл осы — музыка!

Жалпы, музыка жанрларын айта берсек өте көп. Мысалы: симфониялық музыка, хорға арналған, сахнада орындауға арналған театралдық-драмалық музыка, classical, jazz, hip-hop/rap т.б. Әрі соған байланысты әр жан өз талғамындағы ұнамды музыка түрін тыңдайды. Иә, заман өзгере келе, жастардың қызығушылықтары әр-түрлі бағыттан өзгеріп, арта келеді. Бірақ бұл өзгерістің түбін түсінбей жүргендер де қаншама….

Естеріңізде болса, 2015 жылы “Ninety one” атты жаңа топ шыққан еді. Музыкалық бағыттары “Q POP” — түрінде болып, елімізді дүр сілкіндірген еді…  Әуендері де түр-келбеттері   бәрі өзгеше болған. Әрі осы жаңа бағыт үшін де, еліміз де біраз түсініспеушіліктердің  орын алғаны да бар. Түсінбегендер, көңілдері толмай, қарсылық танытқандар көп болды.

Жаңа өзгеріс міне сол кезде басталды. Сол жаңа бағыттан соң, өзгеде топтар өз музыкалық бағыт түрін ұсынып сахнаға шықты. Және осы  заманауи қазақ музыка саласы арқылы еліміздің жас әншілері бейнебаяндар тұсіре бастады. Кәсіби әншілердің жаңа бағыттағы орындаушылық шеберліктері шетелдік музыка сүйер қауымға ұнағандықтан,  өз елдеріне өнер көрсетуге шақырып, қолдады!

Қазір қарап отырсақ, «Ninety one» тобы өз музыкалық бағыттарының арқасында біраз жетістікке жетті. Бәрімізге  белгілі “ Samung “ — қосымшасымен бірігіп жұмыс жасады. Ал бір мүшесі қазіргі уақытта  “Қазақстан Дауысы “ бағдарламасының әділ қазысы. Яғни  жаңашыл бағытта бастаған бұл топтың өнері, қазір жоғарғы деңгейде деген сөз.

Тіпті сол бір кезеңде заманауи бағытқа үйреніспей, түрлі сөз жаудырған жандар да, қазіргі уақытта бұл өзгерісті жжылы қабылдауда.

Міне, музыка өнеріндегі заман талабы деген осы!

 

 

 

 

 

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *