? Сурет: ЖИ (Жасанды интеллект)
Бақытбек Гүлжан, @gulzhan_bq
Туған жерім Қаройымдай кең жерім,
Сенде туып, сенде өсіп, көктедім.
Табиғатым сыр шертеді тарихтан,
Нарын бойын жағалаған мекенім.
Табиғатым таусылмайтын қазына,
Бөленейік оның әсем сазына.
Келер ұрпақ мақтанышпен қарасын,
Шүкір айтып әрбір атқан таңына.
«Қарой назы» әлдилеген әуенім,
Тал бесіктен тыңдап өскен әндерім.
Әлібек Нұрқожаев ағамыз,
Мұра етіп қалдырған ғой өлеңін.
Аққу жүзген айдын шалқар көлдерің,
Жұпар шашқан жусан иіс белдерің.
Әр тасыңда бабалардың ізі бар,
Қасиетті менің елді мекенім.
Ұмтылайық табиғатты сақтауға,
Көркейсін бір ауылымыз жандана.
Барша адам борышым деп санасын,
Қыбыр еткен аң-құсында атпауға.
Табиғатты аялауға серт берем,
Оны сүю – ең биік бір мәртебем.
Туған жердің тазалығын сақтауды,
Өз өмірім, өз бағыммен тең көрем.
Міндетіміз – аялау мен ардақтау,
Таза ауаның, мөлдір судың пәктігін.
Туған өлке, сені мәңгі сүйемін,
Тілеп әр кез даламыздың шаттығын.
БАҚЫТБЕК Гүлжан Жандосқызы
МДШО «Үлгілі орта мектебі» мкм
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылы
