«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Телефон аламын деп жинаған ақшасын Құлсарыға жіберген 11 жасар қыз сыйлыққа ие болды

Еліміздің өңірлері су астында қалған уақытта өз ісімен өзгелерге үлгі болған оқушылар да аз емес. Солардың бірі ­- мкентаулық Гауһар Шәймерденді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафон кезінде Гауһар «Хабар» арнасының студиясында қонақта болып, оған телеарна атынан смартфон сыйға тартылды.

Сол уақытта қатты ауырып, ауруханада жатқан едім. Құлсарыдағы жағдайды телефоннан көрдім. Ертеңіне ауруханадан шыққанда, Кентауда Құлсарыға гуманитарлық көмек жиналып жатқанын естідім. Телефон аламын деп жинап жүрген ақшамды Құлсарыға көмек ретінде бергім келді. Себебі Құлсарыдағы жағдайды көріп қатты уайымдадым. Бұл туралы ойымды анама айтып едім, ол қарсы болмады. Анам екеуміз апарып бердік. Ішіне хат жазып, құлсарылық достарыма тілеулес екенін, олардың уайымдамауы керек екенін жаздым. Ал бүгін маған арманымдағы телефонды сыйлады, шын қуанып тұрмын, рахмет, — деді жасөспірім.

 

Сәйкес жаңалықтар

Алматылық оқушылар Хьюстондағы робототехника бойынша ең ірі әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Біз өзі келешекке не қалдырамыз?

«Жарық әлем жүректерге нұр сыйлар»

farabi shakirti shakirti